Ведомстволық қарасты ұйымдардың жаңалықтары

18.05.2017 Президент ауруханасының дәрігерлері Қостанайда науқастарды тегін қабылдайды
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Аурухананың жоғарытәжірибелі дәрігерлері (кардиохирург, қан тамыры хирургы, кардиолог) 25-26 мамыр күндері Қостанай қаласында облыстық аурухананың кеңестік емханасында науқастарды тегін қабылдайды.
18.05.2017 Ставрополь аймағының белгілі шипажайлары мен Астана қаласын тікелей әуерейс байланыстырады
2 маусымнан бастап аптасына екі рет - дүйсенбі мен жұма күндері орындалатын жазғы маусымға арнайы ашылған Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы бойынша жолаушылар тасымалы орындала бастайды.
17.05.2017 Ресей ғалымы Астанада бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялармен таныстырады
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «Бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялары» атты тақырыпта тренинг өтеді.
16.05.2017 Литвалық профессор қант диабетіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасау тәжірибесімен бөліседі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «2-ші үлгідегі асқынған қант диабеті кезіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасаудың хирургиялық және анестезиологиялық көріністері» тақырыбында тренинг өтеді.
15.05.2017 Литваның бас реабилитологы Астанада кардио және нейрореабилитация сұрақтары бойынша кеңес өткізеді
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 15-26 мамыр аралығында менторлық – тәлімгерлік тәжірибемен алмасу бойынша «Кардиология, травматология мен неврологиядағы реабилитациялық (оңалту) бағдарламалар» тақырыбында семинар өтеді.
02.05.2017 Қазақстандық дәрігерлер қан мен оның құрамдас бөліктеріне әсер етудің инновациялық әдістерін игеруде
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты ауруханада экстракорпоралды гемокоррекцияның озық және тиімді әдістері қолданылатын осызаманғы гравитациялық хирургия орталығы қызмет етуде.
28.04.2017 «Қазақстан» санаторийі осызаманғы эндоскопиялық қондырғымен жабдықталған
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасына қарасты Медициналық орталық Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы курорттық аймақта орналасқан көпфункционалды жылбойғы «Қазақстан» санаторийіне иелік етеді. Санаторий бальнеологиялық және балшықтық емдік қасиеті бар Кавказ Минералды Сулары тобына кіреді.