ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-да балабақшамен қоштасу ертеңгіліктерін өткізу туралы ақпарат

07.06.2021

2021 жылғы 2-4 маусым аралығында Кәсіпорын балабақшаларында «Бала шақтан – болашаққа» деген тақырыпта бітіру салтанаттары өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып Аctivity Party нысанында өткізілген 8 ертеңгілік таза ауада, мерекеге арнайы безендірілген спорт және ойын алаңдарында ата-аналардың қатысуымен өтсе, 3 ертеңгілік ауа-райына байланысты Club Show форматында ата-аналардың қатысуынсыз балабақшалардың музыка залдарында өткізілді.

2021 жылғы 2-4 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-да «Бала шақтан – болашаққа» деген тақырыпта бітіру салтанаттары өтті. 8 ертеңгілік таза ауада Аctivity Party нысанында, мерекеге арнайы безендірілген спорт және ойын алаңдарында ата-аналардың қатысуымен өтсе, 3 ертеңгілік ауа-райына байланысты Club Show форматында ата-аналардың қатысуынсыз балабақшалардың музыка залдарында өткізілді. Мерекелер санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

 Балалар өздерінің балабақшаға арналған  әдемі әндерін, өлен шұмақтарын айтып, билерін тамашалап, олар өздерін кішкентай жұлдыз, жарқын және ерекше екенін көрсетті

Салтанатты шарадан кейін балабақша түлектері «Балалар кафесіне» мерекелік фуршетке шақырылды.

Ата-аналар балабақша ұжымына  шынайы алғыстарын білдіріп, еңбектеріне мол табыс тіледі.  

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg



Тізімге оралу