«Қарлығаш» таланттары

19.03.2021

Дарынды және талантты балаларды анықтау мақсатында Art Empire өнер орталығы «БІЗ ІЗДЕГЕН ТАЛАНТТАР» халықаралық дарындар байқауын ұйымдастырды. Балалар мен жастарға арналған бұл беделді көп жанрлық байқау мәдени үрдістің кеңінен таралуына және біртұтас көпұлтты мәдени кеңістікті құруға бағытталған болатын.

Бұл сайысқа «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері «Хореография - 5-7 жас аралығындағы балалар» номинациясына «ДАЛА РУХЫ» әсем биімен қатысып, 1 орынға ие болды! Талантты балаларды іріктеп бидің идеясын және көркем шығарманы жүзеге асырған балетмейстер Қабдешева Алмагүл Гайроллақызы.

Біз мұғалім мен оқушыларды осы адал және лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

Фото Таланты Карлыгаш.jpg


Тізімге оралу