«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері Халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

18.03.2021

«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері тағы бір мәрте Халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Ағылшын тілі студиясының жетекшісі Дана Аралбаева балабақшаның мектепалды даярлық топтарының балаларымен бірге Халықаралық «Anglius» ағылшын тілі олимпиадасына, «Colors/Түстер» халықаралық дистанциялық жобалар порталына қатысты.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Халықаралық «Colors / Түстер» ағылшын тілі олимпиадасы әр түрлі түстер бойынша сөздерді білуін тексереді. Олимпиада 1 дұрыс жауапты таңдау арқылы жауап беруді қажет ететін 10 сұрақтан тұрады. Олимпиада тілдік болжамдарды, тапқырлықты дамытады, сонымен қатар сөздік қорын дамытады және ағылшын тілін үйренуге деген ынтаны оятады.

Балалар мынадай жүлделі орындарға ие болды:

1 орын - 4;

ІІ орын - 14;

ІІІ орын - 3;

Дипломдар - 7.

«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі мен тәрбиеленушілерін құттықтаймыз, зор денсаулық пен биік белестер тілейміз!

Фото Олимпиада по Англ.языку Карлыгаш.jpg


Тізімге оралу