Бассейнде жүзу денсаулықты нығайту және денені шынықтыру үшін пайдалы

10.02.2021

Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да балалардың денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасалған.

ҚР СанЕжН талаптарына сәйкес, балалар бекітілген кестеге сәйкес аптасына 2 рет бассейнге барады және су процедураларын қабылдайды.

Балалар ағзаларын шынықтырып қана қоймай, суда жүзуді және судан қорықпауды үйренеді.

Жүзу нұсқаушылары балалармен бассейнде өтетін оқу қызметі барысында аквааэробика, аквабилинг, синхронды жүзу, тыныс алу және саусақ гимнастикасы элементтерін қолдана отырып, ұйымдастырудың түрлі нысандарын пайдаланады.

Судағы ойын-сауықтар, мерекелік шаралар мен көңілді ойындар балаларға жағымды эмоциялар мен   қуаныш сезімін сыйлайды!

Балалар бассейнде шомылғанды өте жақсы көреді!

Фото 1 Плавание Карлыгаш.jpg

Фото 3 Плавание Карлыгаш.jpg

Фото 2 Плавание Карлыгаш.jpg


Тізімге оралу