«Алтын қолдың арқасында»

25.01.2021

Жамбас сүйегі мойнының сынуы егде жастағы адамдарда жиі кездесетін жарақаттардың бірі болып табылады, бірақ СОВМИНКИ Орталық клиникалық ауруханасының травматологтары үшін ата-әжелерімізді ыңғайлы және толыққанды өмірге қайтару үшін еш кедергі жоқ.

Травматология және ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Молдагалиев Сәкен Жұмаситұлы бүгін 1924 жылы туған, жамбас сүйегінің мойны сынған науқас туралы айтып берді.

«Жақында науқасқа жамбас буынын толық ауыстыру үшін операция жасалды. Қазіргі уақытта ол травматология және ортопедия бөлімінде жатыр және өзін жақсы сезінеді!».

Науқастың жасына (96 жаста) және оның ағзасындаға басқада ауруларға байланысты, бұл операцияны жасау оған оңай тиген жоқ. Орталық клиникалық аурухананың дәрігерлері бір ай бойы науқасты жамбас ауыстыру операциясына дайындады. Операция сәтті өтті.

Біздің травматологтардың "Алтын қолының" және Орталық клиникалық аурухананың заманауи жабдықтарының арқасында емделуші оңалту курсынан кейін жүре алады!

Өткен 2 жыл ішінде (2019-2020) 90 жастан асқан 20-дан астам пациентке жамбас буынын ауыстыру операциясы жасалды. Олардың әрқайсысы белсенді, толыққанды өмір салтын ұстанады және ҚР ПІБ Медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің тұрақты, қатаң бақылауында!

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Фото Операция ЦКБ Шейка бедра.jpeg


Тізімге оралу