Президенттік клиникада хирургтарға арналған мастер-класс өтуде

18.01.2021

ҚР ПІБ МО Президенттік клиникасында сырттан шақырылған дәрігерлердің қатысуымен үнемі шеберлік сабақтары өтеді. Бұл жолы қаңтар айының соңына дейін урологиялық және андрологиялық ауруларды жедел емдеу бойынша тәлімгерлік бағдарлама өтіп жатыр. Ментор ретінде медицина ғылымдарының докторы, урология және андрология орталығының жетекшісі, "Ресей Федерациясының Мемлекеттік ғылыми орталығы – А.И. Бурназян атындағы Федералдық медициналық биофизикалық орталық" Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің урология және андрология кафедрасының профессоры, уролог-дәрігер Павел Кызласов қатысуда.

Фото Мастер-класс БМЦ.jpg

Дәрігердің айтуынша, бағдарлама уретральды және пенильді хирургия бойынша дәрістер мен шеберлік сабақтарын қамтиды. Осы бағдарлама барысында Президенттік клиниканың дәрігерлері құнды тәжірибе жинақтап, күрделі операцияларды одан әрі жүргізу үшін қажетті дағдыларға ие болады.

"Президенттік клиникада көптеген операциялар алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамастан, дәрігерлер оқытуға өте белсенді қатысады деп айтқым келеді: урологиялық бөлімнің барлық ұжымы дәрістерде де, операциялар кезінде де бар", - дейді Павел Сергеевич. - Шеберлік сабағын әдеттегі жағдайда өткізудің артықшылығы-дәрігерлер өз ортасында, өз құралдарымен жұмыс істейді. Олар бұл операцияны болашақта жасай алатындықтарын түсінеді".

Фото Мастер-класс БМЦ 4.jpg

Фото Мастер-класс БМЦ 3.jpg


Тізімге оралу