sanitarno-epidemiologicheskie-meropriyatiya Қант диабетімен күресу күні

Қант диабетімен күресу күні

14.11.2020

Қант диабеті – бұл созылмалы ауру, организмде инсулин тапшылығы пайда болған кезде, немесе оны дұрыс колданбаған жағдайда дамитын созылмалы ауру болып келеді. Оның екі түрі бар – I және II типті.

I типті инсулин тәуелді диабет, көбінесе осы ауруға жастар шалдығады,-дейді ҚР ПІБ МО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер-методисі Гүлнәр Тұрдұнова. Бұл ұйқы безі жасушаларының артрофиясынан туындайды, соған байланысты инсулин жеткіліксіз болады да қан құрамындағы қанттың мөлшері жоғары болып кетеді.

II типті қант диабеті – инсулин тәуелсіз деп аталады. Бұнда организимде ұйқы безі жеткілікте түрде инсулинді түзейді, алайда инсулиннің тін жасушаларымен өз ара әрекеттері бұзылып, қанттың мөлшері қанның құрамында жоғары денгейде қала береді. Бұл көбінесе ересек адамдарға тән. Себебі 40 жастан асқан, артық салмағы, семіздігі бар адамдар осы дертке шалдығады,- дейді Гүлнәр Тұрдұнова.

ФОТО Врач ЗОЖ БМЦ.jpg

Емдеуден гөрі аурудың алдын-алу оңай. Дәрігерлер қант диабетінің дұрыс алдын-алу арқылы адамды ауыр аурудан қорғауға болатынына сенімді.

Бұнда ең бастысы даму себептерін және қауіп қатер тәуекел факторларын білу қажет,- дейді методист-дәрігер. Тәуекел факторларын екі түрге бөлуге болады. Бірінші басқарылатын және басқарылмайтын факторлар. Басқарылатын факторларға – ұтымсыз тамақтану, бұл жалпы себептердің 60 пайызы алып тұр. Дұрыс тамақтанбауға адамдардың рационында қанты тез көтеріп жіберетін тәтті, ұн тағамдары, жасанды трансмайлар яғни маргарин, майонез, шәйға арналған май, майлы ет, сүт өнімдері, жеңілдетілген сары май және т.б. тағамдар кіреді. Олар организімге түскен кейін жасушаларға мүлдем шықпайды және ағзаның функциясын бұзады екен. Тағы басқарылатын қауіп қатер факторларына артық салмақ немесе семіздік кіреді. Организімде май көп жиналатын болса, әр түрлі биологиялық белсенді заттар түзіліп, ағзаны бұзады.

Келесі факторлардың бірі – төмен физиқалық белсенділік. Ол семіздікке апаруы мүмкін. Жәнеде адам көп калориясы бар тамақтарды қабылдайды, ол ағзада қор түрінде, май түрінде жинала бастайды. Осы басқарылатын факторларға әсер ете алуға болады.

Басқарылмайтын факторлар – ол тұқым қуалағыш және адамның жасы. Тұқым қуалаушыққа келетін болсақ, егерде жақын туыстарында қант диабеті болған жағдайда адамның осы ауруға шалдығу тәуекелі екі және алты есе рет өседі. Дәрігердің айтуы бойынша, бұл факторларға адам әсер ете алады. Ол үшін жас кезінен дұрыс тамақтанып салауатты өмір салтын ұстану керек. Адамның жасы ұлғайған сайын тәуекел өсе береді, - деді Медицина орталығының ауруханасының методист-дәрігері Гүлнәр Тұрдұнова.


Тізімге оралу