sanitarno-epidemiologicheskie-meropriyatiya Зертханалық медицина мамандарының III-ші республикалық форумы

Зертханалық медицина мамандарының III-ші республикалық форумы

23.10.2020

Бүгін "Зертханалық медицина федерациясы" ҚБ-і ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының қолдауымен "Зертханалық тәжірибе. Болашаққа көзқарас" атты форум ұйымдастырды.

1 Фото Республиканский форум БМЦ.jpg

Форум онлайн-режимде өтті. Іс-шараның басында Президент клиникасының директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Валерий Бенберин сөз алды. Өз сөзінде ол қазіргі әлемде, әсіресе пандемия кезінде осындай іс-шараларды өткізудің жоғары маңыздылығын атап өтті.

2 Фото Ресбуликанский форум БМЦ.jpg

Форумда дәрігерлер COVID-19 туындаған мәселелерді қарап, талдады және барлық шешімдер мен инновациялық тәсілдерді талқылады. Сондай-ақ, форум аясында шет елдер мен Қазақстан Республикасының жетекші мамандары коронавирустық инфекцияны диагностикалау тәжірибесін ұсынды, сондай-ақ пандемия жағдайында жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік пен биоқорғауға қойылатын талаптарды талқылады.


Тізімге оралу