sanitarno-epidemiologicheskie-meropriyatiya "Қарлығаш" балабақшасының педагогы Республикалық кәсіби идеялар байқауында жеңіске жетті

"Қарлығаш" балабақшасының педагогы Республикалық кәсіби идеялар байқауында жеңіске жетті

14.10.2020

"Әрбір сабақ тиімді болып, нәтиже беруі тиіс": "Қарлығаш" балабақшасының педагогы Республикалық кәсіби идеялар байқауында жеңіске жетті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасының педагогы Нұргүл Жұманова 1-ші Республикалық кәсіби идеялар байқауына қатысты. "Балаларды оқытуға арналған ең үздік пәндік-дамытушы орта" номинациясында ағылшын тілі мұғалімі I орын алды.

01d63680-7d8e-4321-9322-d0fb59c5b7e5.jpg

Байқауды Қарағанды қаласындағы "Білім" қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты ұйымдастырды. Оған Республика бойынша 113 педагог қатысты. Байқаудың мақсаты білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби және тұлғалық дамуы, ең дарынды педагогтарды анықтау және қолдау, олардың үздік тәжірибелерін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында тарату болып табылады.

Конкурсқа педагог қызметкерлердің барлық санаттары мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері қатысты. Конкурстық материалдар авторлық болуы керек және тікелей конкурсқа қатысушылар әзірлеуі тиіс. Байқау номинациялар бойынша өткізілді. "Балаларды оқыту үшін ең үздік пәндік-дамыту ортасы" номинациясында ағылшын тілі мұғалімі Нұргүл Жұманова жеңімпаз атанды.

e6b50dbd-1aef-4da5-b1c9-6da94152d175.jpg

- Байқауға қатысу әрқашан өз ой өрісіңді кеңейтуге, жаңа нәрсені көруге немесе білуге мүмкіндік береді. Республикалық деңгейдегі конкурсқа қатысу өте қызықты. Мұғалімге әрқашан үйренетін нәрселер бар. Өйткені, педагогикалық шеберлікті күн сайын, сағат сайын шыңдап отыру керек. Барлық ұсынылған материалдарды мен өткен оқу жылында жасадым және жазда толықтырдым. Балалармен жұмыс жасай отырып, мен инновацияларды, шетелдік әріптестердің педагогикалық тәжірибесін зерделеуге тырысамын, мультимедиалық интерактивті ойындарды, интерактивті тәсілдерді, квест технологияларын, балалармен тілдік ойындарды іздеймін және қолданамын. Мен баланың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын сақтауға тырысамын, - дейді мұғалім.

16 жылдық педагогикалық өтілі бар Нұргүл Сайлаубайқызы әрбір сабақ тиімді және нәтиже беруі керек деп есептейді.

e7a59fcf-30ce-46e6-b1a9-a6c8aee9f463.jpg

- Әрбір сабақ тиімді болуы үшін ол балаға эмоционалды түрде жауап беруі керек. Бұл үшін балалардың дағдыларын дамытуда тиімділікті арттыратын қызықты көрнекі және мазмұнды дидактикалық материалдар қажет. Сондықтан, балалармен әр кездесудің алдында мен балаға материалды қалай қызықты түрде ұсына аламын, бұл жолы қалай және не пайдалануым керек деп ойлаймын,- деді педагог.

"Қарлығаш" балабақшасының педагогы мектеп жасына дейінгі балалармен ағылшын тілін оқыту бойынша педагогикалық практикада ең бастысы мектеп жасына дейінгі баланың қызығушылығымен қозғалатынын есте сақтау керек деп санайды. Және бәрі баланың қызығушылығына негізделуі керек. Бұл балалармен жұмыс жасаудың ең басты қағидасы.


Тізімге оралу