sanitarno-epidemiologicheskie-meropriyatiya ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері "Халық алғысы" медалімен марапатталды»

ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері "Халық алғысы" медалімен марапатталды»

09.10.2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан "Халық алғысы" медалімен ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері мен медицина қызметкерлері марапатталды.

Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларындағы және пандемиямен күрестегі жемісті еңбегі үшін медициналық орталық басшысының орынбасарлары Серік Сейтенов пен Айдар Докенов "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірқатар медицина қызметкерлері мемлекеттік наградаға ие болды.

Медициналық орталықтың ұжымы әріптестерін құрмет марапатын алуымен шын жүректен құттықтайды. Барлықтарыңызға денсаулық, амандық тілейміз және әрқашан жеңіс бағытында жүрулеріңізге тілектеспіз.


Тізімге оралу