Ата Заң күніне орай наградалар табысталды

28.08.2020

28 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай Медициналық орталықтың басшысы Сәуле Қисиқова әріптестерді мерекемен құттықтап, наградаларды табыс етті.

- Жыл сайын Қазақстан Ата Заңы күнін атап өтеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ата Заңы қабылдануы біздің халқымыз үшін маңызды таңдау болды. Бұл елдегі демократиялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің берік негізіне айналды. Осы айтулы күнде сіздерге бейбітшілік, мейірімділік, сәттілік пен өркендеу тілеймін. Дендеріңіз сау болсын, - деді Медицина орталығының басшысы.

31fcad7e-4774-4d45-a078-4b80ad2a0259.jpg

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қазақстандық қоғамдағы келісім мен тұрақтылыққа, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ҚР Конституциясының 25 жылдығын атап өтуге қосқан елеулі үлесі үшін ҚР ПІБ Медициналық орталығының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері: Медициналық орталықтың бас сарапшысы Роза Еникеева, "Орталық клиникалық аурухананың" дәрігер-эндокринологы Айгүл Адамбекова, "Оқ-Жетпес" "Алматы" филиалының қабылдау бөлімінің дәрігері Қарлығаш Құлманова, "Орталық клиникалық аурухананың" кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Жанар Құсымжанова, ҚР ПІБ МО Аурухананың жедел және медициналық көмек бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Кучербаева, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" санитарлық-химиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Ғаббасова, "Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Құралай Нұрғазиева, ҚР ПІБ МО Аурухананың бас есепшісі Дариға Тасеменова, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің бас есепшісі Исинбике Тюлюпова, "Қарлығаш» балабақшасының әдіскер Тазагүл Шаштавлетова "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.

                                                                111.jpg                                      

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының жүйесіндегі мінсіз адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай: Медициналық орталықтың бас сарапшысы Динара Дәрімова, ҚР ПІБ МО «Ауруханасының» инфекциялық бақылау қызметінің эпидемиологы Айнаш Жүнісова, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының" фельдшер-зертханашысы Бақытжамал Балғабаева, "Орталық клиникалық ауруханасының" әкімшілік-шаруашылық қызметінің басшысы Бақыт Мединаев «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.


Тізімге оралу