“Оқжетпес” санаторийінен маңызды ақпарат

21.07.2020


Карантин шараларын күшейтуге байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары шілденің 24-і сағат 00:00-ден бастап, тамыздың 3-іне дейін жабылады. Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарына кіреберіс жолдарда блокпосттар қойылады. Дегенмен, егер сіз “Оқжетпес” санаторийіне медициналық оңалту мақсатында баруды жоспарлап жүрген болсаңыз, емделуге жолдамаңыз болса, онда сіз емдеу-сауықтыру кешенінің аумағына өте аласыз.

“Ақмола облысының рекреациялық және курорттық аймақтарының аумағында карантиндік іс-шараларды күшейту туралы” №88 қаулыға сәйкес Щучинск-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарының аумағына кіруге/аумағынан шығуға емдеу-сауықтыру орталықтарында емделушілерге растайтын құжаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.

“Оқжетпес” емдеу-сауықтыру кешенінде сіздің ем алуыңыз бен жайлы демалуыңыз үшін барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданған.

Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (71636)78 – 101, +7 702 059 20 20.


Тізімге оралу