ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының тағайындалуы

14.07.2020
Кисикова Сауле Дюсебековна.jpg

Сәуле Кисикова ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы лауазымына тағайындалды.

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтының түлегі. Медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі және іскерлік басқару магистірінің дәрежесі бар.

Басқа жылдары аудандық және қалалық ауруханаларда терапевт дәрігері, бөлімше меңгерушісі болып жұмыс істеді. Кейін республикалық мемлекеттік мекемеде бас дәрігердің орынбасары, бас дәрігері болып еңбек қызметін жалғастырды.

2017-2019 жылдар аралығында Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасын, ал 2019 жылғы тамыздан бастап осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.




Тізімге оралу