"Оқжетпес" шипажайы әлемнің үздік курорттарының тізіміне енді

16.06.2020 Окжетпес 3.jpg

       Бұрын хабарланғандай «Оқжетпес» ЕСК» АҚ 2019 жылы бірегей EuropeSpa сертификаттаудан өтті және бүгінгі күні Еуропалық курорттық ассоциациясының (ESPA) сапа белгісін алған Орталық Азиядағы жалғыз санаторий болып табылады. Осы жылы санаторий жетістігінің жаңа шыңы ESPA нұсқасы бойынша әлемнің үздік курорттарының тізіміне енуі болды.

Анықтама:

      Ғылыми медициналық қоғамдастық және сауықтыру мен велнес саласындағы салалық сарапшылар әзірлеген сертификаттау жүйесі 30-дан астам ұлттық және халықаралық нормативтік актілер мен стандарттарды есепке алады.

     Салыстырмалы талаптардың негізінде сапаның ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету – EuropeSpa-ның басты мақсаты. Сертификаттау санаторийлер, курорттар мен спа-мейманханалардың мынадай қызмет салаларын қамтиды: қауіпсіздік, сервис, гигиена және инфрақұрылым. Берілген тәсілдеме сапалы параметрлердің деңгейін салыстырудың ашықтығын қамтамасыз етеді және адал бәсекеге жағдай жасайды.

Окжетпес 2.jpg

       Сертификаттаудың тәуелсіздігі мен әділдігіне екі-үш күндік инспекциядан өтумен кепілдік беріледі, оны тәуелсіз кәсіби аудиторлар жүргізеді. Берілген аудит сертификаттаудың ең қатал рәсімі болып саналады. Аудиттің әрбір бөлімінде 80%-дан төмен емес балл жинаған, сондай-ақ «СК» (сыни критерийлер) деп аталатын критерийлерге жауап беретін мекемелер EuropeSpa беделді сертификатына ие болады.

       Қазіргі уақытта сертификаттау үш түрлі бағыттар бойынша жүргізіледі:

EuropeSpa med,

EuropeSpa wellness

EuropeSpa hotel spa.

     EuropeSpa курорттар мен спа-мейманханалардың қонақтары мен пациеттеріне, туристік агенттіктерге және туроператорларға, сондай-ақ медициналық сақтандыру компанияларына объективті халықаралық стандарттарға негізделген сапаның жоғары бағасын алған объектілерді таңдап алуға мүмкіндік береді.




Тізімге оралу