Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшылығының ауысуы

22.06.2020
АВ 22.06.jpg

    Бүгін Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы лауазымын босатты.

      ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

     ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды. Сондай-ақ, Үкімет басшысының хабарлауынша, Елжан Біртановтың емделу кезеңіне Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару Алексей Цойға жүктелді.

     ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының міндетін атқарушы болып басшының орынбасары Ажар Ғиният тағайындалды.




Тізімге оралу