ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұйымдарында карантинді кезең-кезеңмен алып тастау туралы

12.05.2020

внимание.jpg

          2020 жылғы 11 мамырда төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына және карантин шектеулерінің біртіндеп алынып тасталуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жүйесінде карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспарлануда.

          I кезеңге сәйкес ағымдағы жылғы 12 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында және Орталық клиникалық ауруханада жоспарлы емдеуге жатқызуға рұқсат беріледі.

            II кезең шеңберінде 18 мамырдан бастап ҚР ПІБ Медициналық орталығының екі ауруханасында емхана жұмысы басталады. Сондай-ақ, «Қарлығаш» балабақшасы «кезекші топ» режимінде жұмысын бастайды.

         III кезең 25 мамырға жоспарланды, оған сәйкес «Қарлығаш» балабақшасы толыққанды жұмысын бастайды, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың емханаларында ақылы бөлімшелер жұмысын бастайды.

         IV кезеңде 2020 жылғы 1 маусымда «Оқжетпес» ЕСК және «Алматы Resort» санаторийлері ағымдағы жұмыс режиміне оралады. Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаторийі Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығына сәйкес жұмысын жалғастырады, мерзімі жарияланған жоқ.




Тізімге оралу