Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы алқасының отырысы

18.02.2020

 Коллегия 14 февраля.png   

      14 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Қанат Шөкеновтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының (бұдан әрі - Медициналық орталық) алқа отырысы өтті. Алқалы жұмысына Медициналық орталық жүйесінің ведомстволық бағынысты 9 ұйымы қатысты.

     Күн тәртібінің басты мәселесі ядролық медицинаны одан әрі дамыту; бүкіл ағзаның инвазиялық емес компьютерлік экспресс-диагностика әдістерін қолдана отырып, санаторийлерде Chek-up ұйымдастыру; «Оқжетпес», «Almaty Resort» және «Қазақстан» санаторийлерінде Qazaq Nomad Resort жобасын іске асыру; «МТАЖО» АҚ-тың Адам ресурстарын дамыту орталығына Корпоративтік университет форматындағы трансформациясы және т.б.  тәрізді қызмет бағыттары бойынша Медициналық орталық жүйесін дамытудың 2020 жылға арналған негізгі перспективаларын қарастыру болды. 

1.jpg

    Алқа отырысы барысында Медициналық орталық жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бірінші басшыларының өз кәсіпорындары қызметінің 2019 жылғы қорытындылары туралы есептері тыңдалды.

      Сонымен қатар, ведомстволық бағынысты ұйымдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайларының жұмыс мәселелері қосымша айтылды, сондай-ақ алдағы жылға күтілетін жоспарлар мен перспективалар талқыланды.



Тізімге оралу