«Жұлын эндоскопиялық нейрохирургия, күрделі пациент» тақырыбы бойынша Мастер-класс

28.01.2020

        Қазақстанда онкологиялық науқастарды емдеудің жаңа әдісі енгізілуде. Соңғы жылдары әлемдік медициналық тәжірибеде іш қуысының қатерлі өскіндерімен күресудің анағұрлым сәтті тәсілі болып саналатын HIPEC терапия кеңінен қолданылады. Үздік және бірегей әдіс болып табылатын HIPEC терапияны 2020 жылы СОВМИНКА-ның онкохирургия бөлімшесінде енгізу жоспарланып отыр. 2020 жылы ЖТМҚ (Жоғары технологиялы медициналық қызметтер — диагностика, емдеудің жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде кәсіби мамандар көрсететін медициналық көмек) шеңберінде онкологиялық аурулары іш қуысына таралған (химия терапия алғаннан кейін) 30 адамды емдеуге жатқызу жоспарланып отыр. Бұл терапия неғұрлым ұзақ рецидивсіз кезеңді қамтамасыз етеді және пациенттің өмірін ұзартады. Америка мен Еуропаның алдыңғы қатарлы клиникалары бұл әдісті соңғы 10 жыл бойы қолданып келеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр.


        Бұл жобаның шеңберінде 29-30-31 қаңтарда СОВМИНКА базасында профессор Авирам Ниссанның басшылығымен Израильден келген мамандардың жоғары кәсіби командасының қатысуымен шеберлік-класы өткізіледі. Профессор Ниссан 2015 жылдан бері Шиба медициналық орталығында жалпы хирургия және онкология бөлімшесінің меңгерушісі және Онкологиялық хирургия қоғамының төрағасы болып табылады. Профессор Ниссан онкологиялық хирургия саласындағы маман және көп жылдар бойы ас қорыту жүйесіндегі күрделі ісіктерді емдеуге маманданған. Ол – қатерлі жаңа өскіндермен күресудегі тиімді тәсіл болып табылатын кешенді HIPEC хирургиясының көмегімен (перитонеалды іш қуысындағы метастаздарды алып тастау және ыстық химиотерапия, CRS/HIPEC) іш қуысындағы метастаздарды емдеу саласындағы жетекші израильдік маман. Профессор Ниссанның  колоректалды обырды, асқазан обыры мен жұмсақ тіндердің ісігін (саркома) хирургиялық емдеу саласында тәжірибесі мол. Профессор Ниссан ас қорыту жолы мен перитонеалды іш қуысының ісіктерін зерттеумен айналысатын Шиба ауруханасы Хирургиялық онкология зертханасының басшысы болып табылады. Өз зерттеулерінің шеңберінде ол бейінді әдебиетте 150 ғылыми мақала жариялады. Профессор Ниссан сабақ береді, дәріс оқиды және көптеген елдерде көрнекі операциялар жасайды.

        ҚР аумағындағы бірде бір ауруханада жоқ арнайы сатылып алынған жаңа жабдықты қолданумен бұл әдісті енгізу үшін көрнекі операциялар жасау, СОВМИНКА дәрігерлерінің практикалық дағдыларын шыңдау жоспарланып отыр. Бұл шеберлік-класында ҚР денсаулық сақтаудың бейінді мекемелерінің мүдделі мамандары шақырылды.

        Орталық клиникалық аурухана – халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрін көрсететін «үздік» емдеу-диагностикалық технологияларды қолданатын еліміздің үздік клиникаларының бірі.

        Аурухана 2018 жылы JCI халықаралық стандарты бойынша қайта аккредиттеуден өтті, бұл медициналық ұйымдар үшін «алтын стандарт» болып табылады және пациенттің қауіпсіздігін арттыруға, емдеу мен күтіп қарау сапасын жақсартуға, пациенттер қоғамын, сақтандыру компаниялардың және т.б. сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

        Аурухананың Ұлттық аккредиттеу бойынша Жоғары біліктілігі және IQNet сапа менеджментінің халықаралық сертификаты бар.

Дәрігерлер операциялық блокта күн сайын ауыр науқастардың өмірі үшін күреседі.

Тіркеу мәселелері бойынша БАҚ өкілдері үшін мына телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады: +7 777 216 17 99 (Асем Ахметова – маркетинг бөлімі).

Шеберлік-кластың өткізілу орны: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Алматы қ., Панфилов к., 139.

Өткізілу күні: 2020 жылғы 29-30-31 қаңтар.

www.sovminka.kz

Тізімге оралу