ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЛИНИКАЛАРЫНДАҒЫ БОЛАШАҚТЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАСЫ

07.11.2019

Бүгін 7 қарашада «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫ өз жұмысын бастады, биыл ол Алматы қаласында өткізілуде. Форум ғылыми клиникалық қоғамдастықтың ақпаратмен алмасу, таяу және алыс шетелдік мамандармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және Қазақстан Республикасының медицина саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін өзіндік алаң болады.

фото 1.JPG

Алексей Цой – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы: «Новаторлық және прогрессивті жобаларға талпыну, медицина ғылымының және техниканың озық жетістіктерін пайдалану, аса күрделі клиникалық-диагностикалық мәселелерді шешу мүмкіндігі – Медициналық орталық мамандарының айрықша қасиеті».

фото 2.JPG

Пленарлық сессияда жылдам қалыпқа келуді және функционалдық ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін диагностика мен емдеудің ең жаңа жоғары дәлді әдістері, сәулелік диагностикадағы инновациялық технологиялар, көлік медицинасына арналған технологияларды дамыту, онкологиядағы дербестендірілген диагностика, радиацияны қауіпсіз қолдану технологиясы негізінде Жапондық клиника мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының клиникалары арасындағы ынтымақтық мәселелері талқыланады.

Медициналық орталық ең жаңа жоғары технологиялық,; диагностикалық, клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтарды амбулаториялық, стационарлық және оңалту кезеңдерінде пайдалануға ерекше көңіл бөледі.

«Ауруларды ерте анықтаудың, оларды дер кезінде және сапалы емдеудің, пациенттерді сауықтыру мен оңалтудың қалыптасқан дәстүрлі әрі жауапты тәсілі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық қызметіне еліміздің денсаулық сақтау саласында танылған нағыз көшбасшы атауына ықпал етті», - деп айтты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары; Қанат Шөкенов.

фото 3.JPG

Ресей, АҚШ, Израиль, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Индия, Түркия, Люксембург, Германия және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ұйымдарынан келген, хирургия, ядролық медицина, емханалық және стационарлық қызмет және басқа да клиникалық-диагностикалық бағыттар жөніндегі алдыңғы қатарлы мамандар денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша баяндама жасайды және шеберлік кластарын өткізеді.

4.JPG


Тізімге оралу