Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының боулинг турнирі өтті

12.10.2019

2019 ж. 12 қазанда жыл сайынғы спорттық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында Жастар жылына арналған боулинг турнирі өтті. Турнирге барлығы 6 команда қатысты. 

фото 2.jpg       фото 3.jpg

Боулинг турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
1 орын – «Орталық клиникалық аурухана» АҚ;
2 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК;
3 орын – «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК.

Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды: Тілеубеков К.Ө. («Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ) және Исраилова А.Р. («Орталық клиникалық аурухана» АҚ).

фото 4.jpg       фото5.jpg
Турнир жеңімпаздары және үздік ойыншылары кубоктармен, дипломдар мен грамоталармен марапатталды.
Спортшыларымызды жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз! 

фото 6.jpg       фото 1.jpg
Боулинг турнирі осы жылдың соңғы спорттық шарасы болды. Бұдан бұрын ҚР ПІБ Медициналық орталығының волейбол, шахмат, мини-футбол, бильярд және үстел теннисі турнирлері өткізілді. Жыл сайынғы спорттық іс-шараларды өткізудің мақсаты саламатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға тарту, сондай-ақ корпоративтік рухты нығайту болып табылады.


Тізімге оралу