І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

20.09.2019

          Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында «QARLYGASH-2019» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

IMG_7785.jpg    IMG_7760.jpg 

          «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» тақырыбына арналған конференцияға таяу және алыс шетелдерден, атап айтқанда, Австралия, Финляндия, Эстония, Израиль, Ресей Федерациясы елдерінен медицина, психология және мектепке дейінгі білім беру салаларында еңбек ететін 26 жетекші халықаралық сарапшы қатысты.

IMG_7787.jpgIMG_7793.jpg

          Семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ), елордалық Білім басқармасының, «Бөбек» ҰҒПББСО, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, Білім беруді жаңғырту орталығының, Нұр-Сұлтан қ. ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚФ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, еліміздің жетекші университеттері мен колледждерінің өкілдері қатысты.


          Конференция шеңберінде оқуға, математикаға және каллиграфияға оқытудың танымал әдістері бойынша О. Лысенконың (Ресей) дамыту ойындары, «Сказочные лабиринты игры» технологияларының авторы В. Воскобовичтің (Ресей), көп функционалды және интерактивті ортаның авторы әдістемелері бойынша «ӘБЕО орталығы» ЖШС (ҚР) және Л. Баряеваның (РФ) көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

IMG_7925.jpgIMG_7948.jpg

          Конференция қорытындысы бойынша Мәскеу қ. (Ресей) «Столица» бизнес – мектебімен, «ӘБЕО орталығы» ЖШС-мен, Алматы қ. (Қазақстан), Санкт-Петербург қ. (Ресей) «Развивающие игры Воскобовича» ЖШҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

IMG_7723.jpgIMG_7953.jpg

         Конференцияның соңында «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-нің Ресурстық-білім беру орталығын Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және педагогикалық шеберлік, қайта даярлау және әдістемелік қолдау мәселелері бойынша үйлестіруші ретінде анықтау туралы шешімнің бірауыздан қабылданды. 


Тізімге оралу