«QARLYGASH-2019» І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛЫП ӨТТІ

19.09.2019

          Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде қауіпсіз болудың ішкі стандарттарын әзірледі. Олар балалардың балабақшада барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін іс-әрекеттер тәртібін, қызметкерлерге қойылатын талаптарды, олардың іс-әрекеттерін айқындайды.

1.png       

   Балабақшадағы қауіпсіздік мәселелері ең басында шешілді, сондықтан білім беру кеңістігінің ішкі қауіпсіздік стандарттары жазылды. Олар Республикада бүгінгі күнге дейін осындай әзірленген жергілікті құжаттардың болмауымен бірегей»,- деп айтады «Қарлығаш» балабақшасының директоры Гүлнара Ысқақова.

           20190919111538_IMG_7888.JPG        2.png

          «Мектепке дейінгі білім берудің бүгінгі күнгі әлемдік тренді – баланың өз еркімен дамуы үшін жағдай жасау. Ересек адамдар енді балаларды оқытпайды, олар бала өз еркімен үйренетін орта жасайды. Біздің мекемеде баланың өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлар балабақшаның дамыту ортасының көмегімен жасалған, олар сөйлейтін қабырғалар, әдістемалер мен технологиялар, сондай-ақ баланың айналасындағы полифункционалды және интерактивті орта»,- деп айтады өз өмірінің 25 жылын балалармен жұмысқа арнаған Гүлнара Абдуллина.

          Елімізде мектепке дейінгі білім берумен 80 000 астам қызметкер айналысады, 9000 артық балабақша жұмыс істейді.

20190919104021_IMG_7806.JPG

          Алексей Цой – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы: «Қазіргі уақытта елімізде балабақшадағы орындармен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында тұр. Алайда, ғылым бір орында тұрмайды және қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу, жаңа әдістемелерді енгізу сияқты маңызды мәселелерді жіберіп алуға болмайды. Біз тәжірибемізбен барлықтарыңызбен бөлісуге қуаныштымыз».

          «QARLYGASH-2019» алғашқы халықаралық конференциясы әртүрлі елдердің мектепке дейінгі білім беру мамандарының басын қосты: Австралия, Ұлыбритания, Финляндия, Израиль, Ресей Федерациясы, Беларусь, Эстония және Қазақстан ғалымдары,  әжірибелерінде авторлық инновациялық технологиялар мен білім беру жобаларын, интерактивті оқыту жүйелерін, тілдік ортаға бойлаудың қазіргі заманғы әдістемесін пайдаланып жүрген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының  мамандары - барлығы 350-ден астам қатысушы.

20190919090034_IMG_7590.JPG     20190919101741_IMG_7721.JPG

Тізімге оралу