ШЫҰ елдері ауруханаларының ынтымақтастық альянсінің халықаралық форумы

14.09.2019

IMG-20190916-WA0063.jpg   IMG-20190914-WA0104.jpg

          «Бір белдеу, бір жол» жобасын іске асыру бойынша қойылған тапсырмаларды шешу шеңберінде 13-14 қыркүйекте Ыстықкөлде (Қырғызстан) Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері ауруханаларының ынтымақтастық альянсінің халықаралық форумы өтті. Форумға 9 мемлекеттен 250 қатысушыдай қатысты: Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Тәжікстан, Пәкістан, Иран және Түркия.

          Бүгінгі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) әлемдегі ең беделді және ауқымды ұйым бола отырып, оған мүше-мемлекеттері халқының өмір сүру деңгейінің үздіксіз артуына және өмір сүру жағдайларының жақсаруына, аймақтағы әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал етуде.

          Форумның негізгі тақырыптары: кезек күттірмейтін көмек, дүлей апаттардың салдарларын жою, жүрек-тамыр аурулары, дәстүрлі емес медицина, гепатобилиарлық жүйенің аурулары, мүшелерді трансплантациялау және жұқпалы арулар.

      ШЫҰ шеңберінде ауруханалардың келесі ынтымақтастық түрлері іске асырылады: білім мен тәжірибе алмасу, консультациялар өткізу, делегациялармен өазара алмасу, тағылымдамалар мен ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру.

          Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының өкілдері Ф орум жұмысына белсенді қатысты. Орталық клиникалық аурухана және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының ауруханалар альянсінің мүшелері болды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!

Безымянный.jpg


Тізімге оралу