Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының мини-футбол турнирі өтті

10.08.2019

2019 ж. 10 тамызда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында Жастар жылына арналған мини-футбол турнирі өтті. Турнирге барлығы 6 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

 1 орын – «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК

3K3A9171.JPG

2 орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК 

3K3A9166.JPG

 3 орын – «Орталық клиникалық аурухана» АҚ.

 3K3A9162.JPG

Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды:

«Үздік қорғаушы» – Морозов Кирилл Игоревич («ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» РМК);

«Үздік шабуылшы» – Умралин Жанболат Айтболатұлы («Оқжетпес» ЕСК»АҚ);

«Үздік қақпашы» – Мединаев Бахыт Аманұлы («Орталық клиникалық аурухана» АҚ);

«Үздік ойыншы» – Шарипов Ризат Еркебұланұлы («Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК).

Турнир жеңімпаздары және үздік ойыншылары кубоктармен, дипломдар мен грамоталармен марапатталды.

Спортшыларымызды жарыстағы жеңісімен құттықтаймыз!


Тізімге оралу