Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы елімізде реабилитологияны жаңғыртуда

18.04.2019

IMG-20190418-WA0002 (1).jpg

2019 жылғы 18 сәуірде «Оқжетпес» ЕСК» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының өткізуімен «Шипажай -2019» IV Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өз жұмысын бастады. Бұл бүкіл әлемнен келген мамандар бас қосып, Қазақстанда оңалтудың жаһандық мәселелерін шешуге көмектесетін және өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісетін тұрақты халықаралық алаң.

Форум аясында «Санаторий-курорттық істегі медициналық оңалтудың әлеуеті. Мәселелер және шешу жолдары» және «Курорттық істегі экономика мен менеджмент» тақырыптарында екі конференция өткізіледі.

«Медициналық оңалтуды форумның негізгі тақырыбы ретінде таңдау себебі мынадай: 2020 жылдан әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуден бастап біз жаңа тарифтік саясатты ескерумен санаторий-курорттық саланың кейінгі дамуы мәселесін шешуіміз қажет» - деп айтты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біздің елімізде емдеу бағдарламаларының міндетті бөлігіне қалпына келтіріп емдеу жатпайды, дегенмен оған деген қажеттілік аса жоғары: жыл сайын операциядан кейінгі оңалтуға 400 000 астам адам мұқтаж. Президенттік клиника дәрігерлерінің үш жылдық зерттеулерінің нәтижелері бойынша санаторий-курорттық және қалпына келтіріп емдеуден өткен пациенттердің арасынан дәрігердің көмегіне жүгіну көрсеткіші жылына 20%-ға дейін төмендеді. «Медициналық нәтижелерден басқа елеулі бір экономикалық нәтиже де бар – жұмыс беруші жұмысқа уақытша қабілетсіздік парақтарының төлеміне мүлдем шығындалмайды немесе бұл төлемдер едәуір қысқартылды» - деп өз пікірімен зерттеу авторларының бірі, Президенттік клиника директорының ғылым жөніндегі орынбасары, онколог Насрулла Шаназаров бөлісті. Бұл ретте, санаторийлердің қол жетімді болмауы салдарынан халықтың мүгедектікке ұшырау деңгейі өсуде, аурулардың асқыну тәуекелі ұлғаюда.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы бұл мәселені жүйелі шешуге мүдделі және осы бағытта бірнеше маңызды істі атқарды: ҚР ПІБ МО санаторийлеріне халықаралық аккредиттеуді енгізу, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық, Қазақстан азаматтарының санаторий-курорттық сұраныстарын ескере отырып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту бойынша жұмыс тобын құрды,

оңалтудың бірегей технологиялары енгізілді. Осындай технологиялардың бірі – пантоемдеу - иммунитетті нығайту үшін түрлі ауруларға нәтижелі қолданылуда.

Форумда Швейцария, Венгрия, Чехия, Германия, Грузия, Литва, Ресей мамандары бас қосты.

Кешенді көрме Форумның ажырамас бөлігі. Мұнда заманауи бальнеологиялық жабдықтар, сауықтыру технологиялары, классикалық физиотерапиялық жабдықтар, балшықпен емдеу, гидротерапия, кинетотерапия, wellness және SPA жабдықтары, қазіргі заманғы сауықтыру және оңалту орталықтары, заманауи дәрі-дәрмектер, емдік тағамдар, минералды су түрлері ұсынылған.


Тізімге оралу