Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы Наурыз мейрамын атап өтті

19.03.2019

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің қызметкерлері Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің орындауында «Ұлы дала ұлағаты» атты театрландырылған музыкалық қойылымын тамашалады.


1(1).JPG

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Цой Алексей Владимирович мерекелік концертті ашып, Медициналық орталық жүйесінің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде күн мен түннің теңеліп, табиғаттың құлпыратын уақытына келетін Наурыз мейрамының ұлттық салт-дәстүрді сақтап, Қазақстан халқының бірлігі мен достығын нығайтатындығын атап өтті.


2(1).jpg


Мереке аясында көктем-көңілге көрік беріп, жұмыр жүректерді тербеткен Наурыз жайлы әндер, «Бесік жыры», «Тойбастар», «Той базар», «Жар-жар» шырқалып, Тәттімбет, Дина, Айтқали Жайымов сынды тұлғалардың туындылары, күйлері тарту етілді.

3.JPG


Тізімге оралу