Алексей Цой Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды

19.02.2019

Цой Алексей Владимирович Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды.

Алексей Цой медицина мен басқару саласындағы жоғары класты кәсіпқой тұлға. Медициналық және заңгер мамандығын алған, іскерлікәкімшілендіру докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

SelsCollege (Лондон) тәмамдаған, Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының аспирантурасын, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, Ресей ауыл шаруашылық және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының корпоративті басқарудыңжоғары мектебі мен Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Еңбекжолынхирург-эндоскопистболыпбастаған.

2007-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс Басқармасының Қазіргі заманғы медициналық технологиялар орталығын басқарды.

2010-2011 жылдар аралығында «ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы болды.

2011-2014 жылдар аралығында – Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері.

2014 жылдан – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаудың вице-министрі.


Тізімге оралу