«Қазақстан» санаторийі (Ессентуки қ.)

Сәлемдеме сөз
Асқаров Елтай АскарұлыБас дәрігері - Асқаров Елтай Аскарұлы

Құрметтi сайтқа келушiлерi, әрiптестер және достар!

«Астана» жауапкершілігі шектеулі қоғамы - «Қазақстан» санаторийдағы демалыс және сауықтыру – бұл МСК курорттарындағы қолайлылық пен емдеудің заманауи медициналық әдістерінің үйлесімі. Емдеудің жекешеленген сипаты – біздің медициналық және санаторлық-курорттық қызметтеріміздің басты ерекшелігі. Біз әрбір пациенттің медициналық көрсетілімдері мен жеке талаптарын толық ескеретін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз. Санаторийдің барлық қызметкерлерінің басты міндеті қонақтардың денсаулығы мен демалысына қатысты кәсіби қаморлық жасау, қолайлылық және жайлылықты барынша толық қамтамасыз ету.

Миссиясы:
Біз тұрғындарды сауықтырамыз: Кавказ Минералды Сулары өңірінің бірегей табиғи климаттық және емдеу факторларын, сондай-ақ заманауи медициналық технологияларды  қолдануға негізделген қалпына келтіру емі және тұрғындар ауруларының алдын алу

Мақсаты:
Заманауи емдеу-оңалту кешені сапасында қызметтер көрсетудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу, мамандардың кәсібилігімен үйлестіре отырып, ең жаңа инновациялық технологияларды енгізу.

Міндеттері:
1. Шипажайлық-сауықтыру кешенінің кірістілігін, өзін-өзі өтеушілігін және тұрақты қаржылық дамуын қамтамасыз ету.
2. Шипажайдың дамуы және жыл бойы тұрақты тиімді жұмыс істеуі.
3. Корпоратитік мәдениет прициптерін қолдайтын жоғары сыныпты қызметкерлер командасын қалыптастыра отырып, кадрлық әлеуетті нығайту және дамыту.
4. Пациентке бағытталған медициналық көмектің жоғары сапа деңгейін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Даму перспективалары:
1. Сауықтыру және сервисік қызметтер сапасын арттыру.
2. Жаңа оңалту бағдарламаларын және әдістерін әзірлеу және енгізу.
3. Шипажай қызметінің тұрақты, бәсекелестікке қабілетті әлеуетін сақтау.
4. Медициналық және медициналық емес кадрлардың кәсіби деңгейін үздіксіз жоғарылату жүйесін жетілдіру.
5. Ресурстар мен шығыстарды басқаруды тиімді пайдалану есебінен өзін-өзі өтеушілікті қамтамасыз ету.

Жалпы мағлұмат
«Қазақстан» санаторийі – азаматтардың санаторийлік-курорттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауқымды мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жоғары тиімді курорттық кешен. Сауықтыру орны Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жүйесіне кіреді және Кавказ Минералды Сулары тобына кіретін Ресейдің ең танымал бальнеологиялық және балшық курорты – Ессентуки қаласы саябағының аумағында орналасқан.

«Қазақстан» санаторийі 7,5 гектар жер аумағында орналасқан. Емдеу мен жатын корпустарының айналасында субұрқақтары бар саябақтар, күркелер мен терренкур жолдары салынған.

Санаторий номерлері мен холлдарының үйлесімді интерьерлері, абаттандырылған аумағы, курорттық қаланың тыныштығы емделу мен демалу үшін қажетті жағдайларды туғызады.

Санаторийде диагностика, профилактика, консультациялық көмек және кешенді санаторийлік-курорттық емдеу жүргізіледі. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық аппаратура қажетті зерттеулерді сапалы және уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Санаторийлік-курорттық емдеу аяқталғаннан кейін дәрігерлер-мамандар демалушыларға үйге ұсыныстарын береді. Медициналық көмектің сапасын басқару үнемі санаторий әкімшілігінің бақылауында.

Санаторийде «Ас мәзірі-тапсырыс» жүйесі бойынша 3 мезгіл диеталық тамақтану. Демалушылардың талғамдары ескеріліп, ұсынылатын 7 күндік ас мәзірінен тағамдарды таңдау мімкіндігі бар.

Белсенді демалуға әдеттенгендер үшін жаттығу құрылғылары бар спорт залы, волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, мини-футбол ойындарына арналған жазғы спорт алаңдары, теннис алаңы, сондай-ақ киіз үй стилінде салынған дөңгелек пішінді жеке тұрған ғимаратта әсем жабық бассейн жұмыс істейді.
Қызмет түрлері
«Қазақстан» санаториі көп бейінді және жыл бойғы сауықтыру орыны болып табылады, онда
түрлі асқазан-ішек тракты;
  • зат алмасу;
  • қимыл-тірек аппараты;
  • перифериялық жүйке жүйесі;
  • созылмалы шаршау синдромы;
  • ЛОР-органдар;
  • урология;
  • гинпекология және ілеспе патология қатары ауруларымен демалушылар шипажайлық-курорттық ем ала алады. Көптеген арнайы зерттеулер мен дәрігерлік тәжірибе Ессентуки курортының терапиялық факторларының бұл ауруларды емдеу және алдын алу үшін  жоғары тиімділікті екенін айқын көрсетеді.
Брондау
 http://ehealth.kz/ru/sanatoriums/5/
http://kazakhstan-kmv.ru/

Броньдау бөлімінің тел: +7 87934 48 506; +7 87934 48 505
bron@kazakhstan-kmv.ruЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
sankaz@kazakhstan-kmv.ruЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.   
Бос орындар
Бөлме күтуші.

  • Бөлме күтуші
  • Даяшылар
  • Қызметтік жайларды жинаушы Санитар әйел
  • Кір жуу машиналарының операторы Радиотелеаппаратураны жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі радиомеханик
  • Бағдарламашы
  • Аумақты жинаушы
  • Асүй жұмысшысы
  • Ресепшн әкімгері
Байланыстар
357600 Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесі, Ессентуки қ., Пятигорск көш., 44 357600, Россия, г. Ессентуки, ул. Пятигорская, д. 44

Қабылдау бөлімі: +7 (87934) 48  501

Сайт:  http://kazakhstan-kmv.ru     http://www.oqjetpes.com/

Броньдау бөлімі:  bron@kazakhstan-kmv.ruЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Кеңсе: kurort@kazakhstan-kmv.ruЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Возврат к списку