ҚР ПІБ МО «Санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК, Астана қ.

  • Директор - Е. Киясов  Директор - Ерлан Аңсағанұлы Қиясов     Санэпидсараптама орталығы Кеден Одағының Техникалық Регламенттерінің, «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға бірыңғай санитарлық- эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар», Қазақстан Республикасы стандарттары және халықаралық   стандарттарға (СТ    РК    ИСО/МЭК    17025-2007) сәйкес тұратын орта объектілерінің бактериологиялық, паразитологиялық, сантарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық тексерулер мен физикалық факторларды (иондайтын және электромагнитті сәулелендіру, шу, жарық, микроклимат)  өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

        Миссиясы:
    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Парламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі объектілерінде тұратын орта объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жоғары деңгейде жүргізу.

        Мақсаты:
    Тұратын орта объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу саласында әлемдік стандарттардың  деңгейіне жету.

        Болашақтағы даму міндеттері:
    1. Санэпидсараптама орталығының жаңа өндірістік-зертханалық корпусының құрылысы арқылы  қолданыстағы өндірістік-зертханалық аумақтарды кеңейту.
    2. Санэпидсараптама орталығының  материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттарға сәйкес нақтылығы жоғары заманауи жабдықтар мен аппаратуралармен нығайту.
    3.  Тұратын орта объектілерінің сараптамасын жүргізу үшін зертханалық тексерулердің жаңа сұранысқа ие әдістерін енгізу.
    4. ИСО/МЭК 17025-2007 сертификатын нақтылайтын инспекциялық тексерулерден уақытылы өтіп отыру.

        Санэпидсараптама орталығының жеке кәсіпорын ретіндегі  өз тарихы 2004 жылдан басталады және бір кездегі бірыңғай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы зертханалық бөлімінің құқықтық мұрагері болып табылады

        Марапаттаулары мен  сертификаттары:
    Қазақстан  Республикасындағы техникалық реттеу жүйесінде СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 (№KZ.И.01.0570 от 17. 11. 2014г.) талаптарына сәйкес, санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық және клиникалық-диагностикалық тексерулер жүргізуге рұқсат ала отырып  реаккредиттелген. Халықаралық аккредитация аттестатын алу дегеніміз - зертханалық тексерулер спекторын кеңейту және Санэпидсараптама орталығы берген тексеру қорытындыларының заңдылығы халықаралық ILAC жүйесі құрамына кіретін әлемнің барлық елдерінде қабылдануына  мүмкіндік береді деген сөз.

    2012 жылы Зертханалық Біріктірілген халықаралық ILAK MRA №03-46/36 Белгісіне (Зертханаларды аккредитациялау жөніндегі Халықаралық Ассоциация) ие болды.
    2013 жылы  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің № 13017762 мемлекеттік сертификаты берілген.
    2013 жылы 2011-2012 жылдардың статистикалық қорытындысы бойынша ең үздік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері үшін   Статистикалық зерттеулердің Ғылыми-ақпараттық орталығы және Бизнес-рейтингтер Одағының атынан   «Сала көшбасшысы 2013» Ұлттық сертификатын иеленді.
  • 010000 Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік, 61а
    Байланыс телефондары: 31-83-95, факс 31-83-94
    Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты