«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ, Астана қ.

  •  
    cmtis Құрылған жылы – 1999

        «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Қазақстанның медициналық саласында инновациялық-білім беру және ақпараттық-коммуникациялық бағыттарды жетілдіру мақсатында қызметін жүзеге асыратын ведомстволық қарасты ұйымы.   
        «МТАЖО» АҚ келесі қызметтерді көрсетеді: білім беру және консалтинг, фармацевтикалық қызметтер және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық туризм, дезинсекция және дератизация, ақпаратық-техникалық сүйемелдеу.
        Бүгін таңда «МТАЖО» АҚ – заманауи талаптарға және жаңа күрделі мәселелерге сай дамуға икемді білікті мамандардың біріккен ұжымы.
    Біз серіктестерімізге аса құрмет білдіре отырып, процестің барлық қатысушыларының мүдделері мен тілектеріне теңдей көңіл бөліп. Біздің    Орталықпен құрған серіктестік Сіздерге табыс жолында жаңа белестерге шығуға ықпалын тигізеді деп сенеміз!

    Басшылық

     
      Президент
    -
       
    Е. Жусупов Президентінің м.а.
    Ерлан Зейноллаұлы Жүсіпов
       
      Вице-президент
    -
       


    Тарих

        Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың мекеме-әкімшілерінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы №1355 Қаулысына, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» ММ құру туралы» 17.02.1999 жылғы №25 бұйрығына сәйкес құрылған.
        2007 жылғы 4 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1174 Қаулысы бойынша      «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған.
        «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жеке ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы №289 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМҚК денсаулық сақтау және ғылым саласында өндірістік шаруашылық қызметті жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған.
    2012 жылғы 10 қыркүйекте «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастырылған.


  • Білім беру қызметтері және консалтинг
    • Отандық және шетелдік серіктестерді тартумен семинарлар, тренингтер және мастер-кластар ұйымдастыру; 
      Оқыту тақырыптары: клиникалық бағыттар (терапия, хирургия және басқа да медициналық салалар), Мейірбикелік іс, Денсаулық сақтаудағы менеджмент. 

      Семинарлар жоспарын қарау

    • Өңірлік және халықаралық деңгейде конференция, дөңгелек үстел, симпозиум және форумдар ұйымдастыру. Орталықтың АҚШ,  Германия, Сингапур, Жапония, Балтика және  ТМД елдерінен серіктестердің қатысуымен халықаралық деңгейде іс-шаралар өткізу тәжірибесі мол. 

      Конференциялар жоспарын қарау

      2014 жылы www.edu.ehealth.kz білім беру қызметтерінің порталы құрылды, оған конференциялар мен семинарлардың жоспарлары енгізілген. Портал арқылы өтінім беру қызметі ашық.
    • «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жаршысы» ғылыми-практикалық журналын (бұдан әрі Жаршы журналы) шығару. 2002 жылдан бері басылым Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген және Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне кіреді. 2014 жылы Жаршы журналының сайты әзірленді - www.heraldmed.org. 
    • Консультационно-образовательные услуги по внедрению стандартов международной аккредитации медицинских организаций Joint Commission International в медицинских организациях. - проведение первичной оценки медицинской организации и разработка детального плана корректирующих действий и приведения в соответствие со стандартами;
      - содействие в написании полного пакета документов (100 политик и процедур);
      - тренинги сотрудников на рабочих местах;
      - контакты с аккредитующей организацией, организация инспектирования международными экспертами.
    Фармацевтикалық қызметтер және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:
    • Дәрілік заттарды бөлшек сату
    • Медициналық мақсаттағы тауарларды, науқастарды күту заттарын, санитария және гигиена құралдарын сату
    • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде дәрілік заттар беру
    • Дәрігерлердің рецепттері және емдеу профилактикалық мекемелердің талаптары бойынша экстемпоральдық дәрілік формаларды дайындау
    • Сақтандыру компаниялардың рецепттері бойынша дәрілік заттар жіберу
    • Анықтамалық-консультациялық қызметтер
    • Министрліктер Үйі бойынша дәрі-дәрмектерді курьермен жеткізу қызметтері (тел. 74-26-09)

    ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәріханалары - Астана және Алматы қалаларында қызметтерін ұсынатын 6 дәріхана мен 5 дәріханалық пункт. Дәріхана тауарлық және фармакологиялық топтардың бүкіл спектрі бойынша медициналық тауарларды ұсынады.

    Дәріханалар мен дәріханалық пункттердің мекенжайлары:
    Астана қаласы
    • дәріхана – Кенесары көшесі 63;
    • дәріхана – Жирентаев көшесі 2;
    • дәріханалық пункт - ҚР Президенті Әкімшілігінің ғимаратында (жұмыс уақыты: 9.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00, сенбі, жексенбі - демалыс);
    • дәріханалық пункт – Мәжіліс ғимаратында (жұмыс уақыты: 9.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00, сенбі, жексенбі - демалыс);
    • дәріханалық пункт – Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс (жұмыс уақыты: 9.00-18.00, үзіліс 14.00-15.00, сенбі, жексенбі - демалыс);
    • дәріханалық пункт – Министрліктер Үйі, 1А кіреберіс (жұмыс уақыты: 8.45-17.00, үзіліс 13.00-14.00, сенбі 9.00-13.00, жексенбі - демалыс);
    • дәріханалық пункт – Мәскеу көшесі 53, МОА емханасының ғимараты (жұмыс уақыты: 8.45-17.00, үзіліс 13.00-14.00, сенбі 9.00-13.00, жексенбі - демалыс);

    Алматы қаласы
    • дәріхана –   Шевченко көшесі 50
    • дәріхана – Шевченко көшесі 59, ОКА емханасының ғимараты
    • дәріхана –  Амангелді көшесі 41, ҰОС ардагерлері емханасының ғимараты;
    • дәріхана –  Макатаев көшесі 141, №5 емхананың ғимараты.

    Медициналық туризм:
    Медицинадағы прогресс алып қадамдармен ілгері жылжуына байланысты дамыған елдерде сауығудан күдерін үзген науқастарды емдеу мүмкіндігі пайда болды. Әрбір елде пациенттерді емдеу және оңалту бойынша өз дәстүрлері қалыптасқан. Біздің Орталық денсаулық сақтау саласындағы әлемдік көшбасшылардың қызметтерін пайдалану мүмкіндігін ұсынады, бұл бағытта біз бірнеше жылдан бері ынтымақтастық құрып, нәтижелі жұмыс жүргізіп жатырмыз.
    Біздің көмегімізді қабылдайтын болсаңыз, Сіз біздің мамандардан шетелде емделу және демалу туралы толық ақпарат аласыз:
    • шетелде емделудің барлық жолдары бойынша консультация;
    • медициналық проблеманы, сондай-ақ Сіздің материалдық мүмкіндіктеріңізді ескеріп, клиника таңдау;
    • Диагностика мен емделу ақысының калькуляциясы
    • Құжаттамалық ресімдеу мен сүйемелдеу
    Медициналық туризмге өтінім беру


    Дезинсекция  және дератизация:
    Дезинсекция және дератизация бөлімі ғимараттар мен аумақтарда  профилактикалық және жоюға арналған дезинсекциялық, дератизациялық қызметтерді ұсынады.
    Түрлі әдістерді (механикалық, физикалық, биологиялық және химиялық) қолдану жәндіктер мен кеміргіштердің пайда болуын алдын алуға және пайда болғандарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
    Қазіргі заманғы жоғары тиімді препараттарды және ең жаңа техниканы қолдану, сондай-ақ жоғары кәсіби білім бар біздің мамандардың біліктілігі арқасында қызметтің жоғары сапасына қол жеткізілуде.   
    Дезинсекция және дератизация бөлімімен байланысу үшін +7 (717 2) 55 65 52

    Дезинсекциямен дератизацияға өтінім беру


    Ақпараттық-техникалық сүйемелдеу
    • Кешенді медициналық ақпараттық жүйені (КМАЖ) енгізу және сүйемелдеу. Біздің орталық Қазақстанда осы жүйені енгізу жөніндегі алғашқы және жалғыз агент болып табылады. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханаларының нәтижелі жұмыс жүргізу тәжірибесі Қазақстанда емдеу-профилактикалық ұйымдарды басқару жүйесінде КМАЖ мүмкіндіктерін көрсетеді.  
    • Телемедицинаның озық технологияларын енгізумен медициналық-инновациялық және телекоммуникациялық технологияларды әзірлеу, сүйемелдеу және дамыту;
    • Жергілікті компьютерлік желілерді сүйемелдеу қызметтерін көрсету;
    • Әкімшілендіру, бағдарламалық сүйемелдеу;
    • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша кешенді шешімдер;
    • Ұйымдардың сайттарын әзірлеу және сүйемелдеу;
    • Күрделігі әртүрлі функционалымен интернет порталдарын әзірлеу және сүйемелдеу;
    • Электрондық құжат айналысын автоматтандыру және бизнес-процестерді басқару.
  • Қазақстан Республикасы
    Президенті Іс Басқармасы
    Медициналық орталығының
    «Медициналық технологиялар  және
    Ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ
    Адами ресурстарды дамыту бөлімі



    Пікір

            Ұйымдастырылған тренинг қызық өтті. Клиникалар әкімшілері менеджмент пен маркетинг, клиенттерді тарту, әсіресе медициналық сервисті дамыту бойынша өзіне көп пайдалы практикалық ақпарат алды деп ойлаймын. Біздің қызметтің ерекшелігіне қарай (денсаулық сақтау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштер қабылдау) бізге екінші күн, тренингтің соңғы бөлігі, атап айтқанда телефон арқылы сөйлесулер, Call-орталықтың клиенттерімен қақтығысты жағдайлардан шығу немесе оларды болдырмау тәсілдері  қызық болды.

    «BBS-IT» ЖШС Аналитикалық орталығының әдіскері,
    Ақмола облысы Ақпараттық орталық жобасының
    кураторы                                                         
    Досумбекова Алия Таласовна

    p.s. Адами ресурстарды дамыту бөлімінің қызметкерлеріне жылы қабылдап, жайлылық ортасын қалыптастырғаны үшін рахмет.
    пікір




        Семинардан алған жалпы әсерімді мен былай қорытар едім – семинар ең алдымен өзінің жан-жақтылығымен ұнады. Оның барысында қазір бірден қолдануға болатын нақты практикалық кеңестер, сондай-ақ қазіргі уақытта қалай қолдануын білмейтін, бірақ оның құндылығы мен пайдалығын сезінетін «өсе келе» қолдануға болатын ақпарат берілді. Жалпы айтқанда, семинар менің білімді анағұрлым кеңейтті! Семинардың егжей-тегжейлі материалдары қағазға шығарылып, қатысушыларға таратылғаны өте жақсы болды. Егер сөйлесудің үлгісі ретінде телефон қоңырауларын бергенде, одан керемет болар еді.

    Құрметпен,
    "Медикер Ассистанс""Медикер" ЖШС,
    филиалы Call-орталығының жұмысын
    ұйымдастыру жөніндегі жетекші үйлестіруші
    Бопова Джамиля Маратовна
    пікір

  • Қазақстан, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел д-ғыі, Министрліктер Үйі (8 үй), 1В Кіреберіс
    Тел: +7 (7172) 74 94 63,  +7 (7172) 74 94 62,  +7 (7172) 74 94 61
    E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
    Сайт: www.mcudprk.kz
    Портал: www.edu.ehealth.kz


Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты