«Қазақстан» санаторийі (Ыстыкқөл)

  • Директор Таймерденов Бакыт Нагашбекович
    Құрметті ханымдар мен мырзалар!

    «Қазақстан» санаторийіне қош келдіңіздер!

    «Қазақстан» санаторийі Қырғызстан Республикасының Ыстық-Көл облысындағы Бостері курорттық ауданының ғасырлар бойы Тянь-Шань шыршалары өсіп тұрған саябақтық аймағында орналасқан. Ыстық-Көл суы қыстың аязында да қайтпайтын болғандықтан «ыстық көл» деп атанған. Ыстық-Көл – Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1608 м биіктіктегі қазаншұңқырында орналасқан тұйық көл. Дүние жүзіндегі ірі тау көлдерінің бірі. Аумағы 6236 км2, ұзындығы 178 км, ені 30-дан - 68 шақырымға дейін өзгеріп тұрады. Ал ең терең жері 668 м, орташа тереңдігі 278 м. Жағалық сызығының ұзындығы 668 км. Көлге 100-ден астам шағын өзен құйылады. Климаты қоңыржай континенттік.

    «Қазақстан» санаторийі бальнеологиялық және климаттық курорт түріне жатады. Санаторийдің емдеу ісінде балшықпен емдеу шаралары мен гидро және физиопроцедуралар қолданылады.

    Санаторийдің орналасқан жердің сұлу табиғаты: биік тау жоталары тұсындағы шексіз су айдыны мен күн сәулесімен ысыған құмды пляж, ғасырлық ағаштардың табиғи саябағы  әрбір адамның көзін тартып, жанына жайлылық сыйлап, демалысын ұмытылмас етуге әсер етеді!

    Аса құрметпен, директор Таймерденов Бакыт Нагашбекович
  • Озеро Иссык-куль

    Тарихы
     
    «Қазақстан» санаторийі Қырғызстанның Ыстық-Көл облысы Бостері ауданың аумағында, теңіз деңгейінен 1610 метр жоғарылықта орналасқан, ал 1962-1964 жылдары соғылған.
    Қырғыз КСР Министрлері Кеңесінің 01.09.1961 жылғы Қаулысы бойынша Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің Іс басқармасына арналған демалыс үйі құрылысына арналған жер учаскесі бөлінген.
    Бастапқы кезде Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Төртінші бас басқармасының «Ыстық-Көл» санаторийі жеңіл каркас-қамыс типтегі ғимараттарда орналасқан.
        Қазақ КСР Министрлері Кеңесінің 1966 жылғы 18 қаңтардағы №75-р өкімімен «Ыстық-Көл» санаторийі «Қазақстан» санаторийі деп қайта аталды.
        «Қазақстан» санаторийінде осы уақытқа дейін Қазақстанның Орталық комитетінің Бірінші Хатшысы Д.А. Қонаев демалған саяжай сақталып тұр. Қазіргі таңда ол ғимарат тарихи құндылыққа айналып, келешекте одан мұражай жасау жоспарланып отыр.
        1982 жылға дейін санаторийді бас дәрігер И.И. Соколик, ал 1982-1993 жылдары бас дәрігер В.Т. Чумаков басқарған. Қазіргі уақытта санаторий қызмет көрсету саласында еңбек сіңірген қызметкер – Асылбеков Сатан Асылбекұлы басшылығымен жұмыс істеуде.
        Көлдің басты ерекшелігі - қыстың аязды күндерінде оның суы қатпайтын болғандықтан «Ыстық-Көл» деп аталған. Көл солтүстіктің суық желінен және Орталық Азия шөлдерінің ыстық құрғақ ауасынан қорғайтын Теріскей және Күнгей Алатауы жоталарымен қоршалған қазаншұңқырда орналасқан. Осы табиғи орналасуының арқасында оның жалауында қақиған аяз да және тым ыстық та болмайды. Көлдің ұзындығы – 178 шақырым, ал ені әр жерінде 30-дан 68 шақырымға дейін өзгеріп тұрады, жағалауы сызығының ұзындығы 668 шақырымды құрайды.
        Ыстық-Көл аумағы Оңтүстік Америкадағы Титикака көлінен кейін, ал тереңдігі (668 метрге дейін болады) және су көлемі бойынша Байкал көлінен кейін әлемде екінші орынды иеленген. Көлге 118 өзен қуылып, біреуі де ағып шықпайды. Көл суының мөлдірлігі соншалықты күн сәулелерінің 70 метр тереңдікке жеткені көрінеді.
        Санаторий орналасқан жердің табиғи көркемдігі әрбір жанның көңіл көтереді - құмды жағажайдың сұлулығы мен ағаштар астында оңаша демалу орындары бар саябақ, таулы табиғат пен су айдынының үйлесімді әсем көріністері сіздерді жайлылық сезіміне бөлеп, ұмытылмас демалыс сыйлайды!
    «Қазақстан» санаторийі курорттардың бальнеологиялық және климаттық түрлеріне жатады.
        «Медициналық орталықтың санаториялық-курорттық ұйымдары дамуының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында санаторийдің құрылысы мен қайта құрылуы және оның базасында «Қазақстан» санаторийі» заманауи емдеу сауықтыру кешенінің бой көтеруі көзделген.
  • Кыргызстан, 722316 Чолпон-Ата-2 қаласы, «Қазақстан» Санаторийі
    Тел: 8 109 963943 39522, 8109963943 39520
    Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
    Сайты: www.ehealth.kz

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты