«Алматы Сауықтыру СПА санаторийі» АҚ

  •  1АҚ президенті - Оразқұлов Мәулен Орынтайұлы
    Құрметтi ханымдармен мырзалар!

        Қазіргі кезде әлем өте ширақ дамып, алға жылжып келе жатқанда мемлекетіміздің бірінші басшысының оңтүстік астана тұрғындарына және көптеген қазақстандықтарға жақсы танымал «Алматы» Санаторийін күрделі жөндеуден өткізіп, қайта құру туралы  шешімі дер кезінде қабылданды. Қазір ол Алматы Сауықтыру СПА Курорты деп аталып, екіжылдық күрделі жөндеуден кейін жаңа көркімен есігін айқара ашты. Әдемі жасыл бірегей саяжайы қонақтарды қуантуда. Корпустарға бөлінген ғимараттың сәулеті бүгінгі элиталық құрылыстардың және қонақ үй кешендерінің жалпы талаптарына жауап беретін жаңа стилін ұстанады. Курорттың айналасы қарағайлы орманмен және орман алабымен қоршалған. Санаторий аумағынан және қонақ бөлмелерінің терезелерінен Тянь-Шань тауларының әдемі көрінісі ашылады. Курорттың тиімді орналасуы біздің қонақтарымызға жер бетіндегі ең керемет жерлердің бірі Іле Алатауының жаныңды сергітетін таза мөлдір саф ауасынан ләззат алуға мүмкіндік береді. Курорттың ішкі мазмұны сыртқы әсерден кем қалыспайды. Медициналық, қонақ үй, мейрамхана, спорттық-көңіл көтеретін, бизнестік кең ауқымды  қызметтері сіздің күткеніңізден де асып түседі. Медициналық секторы физио-, су-, балшықпен емдеу орындарымен жабдықталған, оларда нағыз заманауи диагностикалық құрылғылар орнатылған. Қазір «Алматы» Сауықтыру СПА Курорты ретінде қайтадан ашылған кешен демалушыларға емшаралардың «SPA капсула», «Құрғақ гидромассаж» және «Криосауна»  сияқты бірегей түрлерін ұсына алады. Кейбір емшаралар Қазақстан Республикасында, сонымен бірге барлық ТМД кеңістігінде де жалғыз-ақ. Мысалға, «Криосауна» - адамды төтенше 110° С-тық төменгі температураға дейінгі  құрғақ ауада ағзаны стресске қарсы күресте ұстайтын мүлтіксіз жаңа тәсіл. Бұдан басқа курорт аумағында:
        •    Қатты төсемі, жарығы, душ кабиналары бар 4 ашық тенистік корды бар
        •    Әмбебап ойын алаңдары (мини футбол, баскетбол, волейбол)
        •    Саяжай волейболына арналған алан
        •    Ролик пен коньки тебуге арналған ашық әмбебап сырғанақ
        Сонымен бірге, қонақтар үшін жаттықтыру залы бар фитнес кешені жұмыс істейді, кешен буға қыздырынуды ұнататындар үшін финдік, орыс және хамам стиліндегі бу бөлмелерін ұсынады. СПА секторы 4 хауызбен жабдықталған, олардың біреуі ашық. Корпустардың бір-бірімен бір ғимаратқа біріктірілуі қонақтардың қыста да белсенді жүзуіне мүмкіндік береді. Мейрамхана секторы мен бизнес секторы Қонақ үй мен Курорттың ажырамас бөлігі болып табылады. Алматы Сауықтыру СПА Курортының Еуропалық - «Жібек жолы», Шығыстық - «Хан Шатыр», Бар - «Береке» деген 3 мейрамханасы бар. Бұдан басқа 5 конференция залы бар: 1 және 2 «Құрылтай», 1 «Кеңесары» және  1 және 2 «әл-Фараби» залдары, сонымен қатар 160 адам сиятын кинотеатры, 80 адамдық арнайы жабдықталған дискотекасы бар. Курорт қызметкерлерінің қонақтарға бірінші дәрежеде қызмет көрсете алатын кәсіпқой мамандар екенін айтып қосуға болады. Қорытындысына біздің сәлемдемемізді жеткізуге рұқсат етіңіз, Алматы Сауықтыру СПА Курорты.

    Сізді бізде қонақ ретінде қарсы алуға дән ризамыз!
    Қазақстандағы ең жақсы курорттардың бірінде
    Сіздің өткізген күндерініңізді
    жайлы және ұмытылмайтындай етіп өткізуіңіз
    біз үшін үлкен ғанибет.
  •     «Алматы» Сауықтыру СПА Курорты
    Науқастарды сауықтыру және емдеу үшін заманауи медициналық сапалы қызмет көрсету санаторлық-курорттық емдеудің өте маңызды аспектісі болып табылады. Біз санаторлық ем қабылдауды қонақтардың тоқтап, демалуына жасалатын тамаша жағдайлармен ұштастырамыз.
        «Алматы» Сауықтыру СПА Курорты заманауи және бірегей емдеу-сауықтыру кешені болып табылады.
        Емдеуде тереңдігі 3000 метрге қайта бұрғыланған скважинадан «Алматылық» жылы минералды суы, Тұзкөл көлінен алынған балшық (сульфидтік-тұнбалы), климатотерапия қолдаланылады.      
    Курорт тыныс алу, ас қорыту, қан айналым, жүйке, несеп-жыныстық, эндокриндік және сүйек-буын ауруларын емдеуді және сауықтыруды ұсынады.  
        Ағзаның белсенді қалпына келуіне күн тәртібі, тиімді емдік тамақ, таза ауа, уқалау, «Алматылық» сумен толтырылған минералдық ванналар, тұнбалы балшық көмектеседі. Демалушылардың көпшілігі алған емшаралар кешенінің нәтижесін жоғары бағалайды. Курорт Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да танымал. Бұл жерде Ресейден, Қырғызстаннан, Латвиядан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан  және басқа шет елдерінен келген адамдар демалуда.
        «Алматы» Сауықтыру СПА Курорты ең заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, сонымен қатар диагностикалық және емдеудің заманауи әдістерін  ұсынады. Медициналық блокта төменгі қызметтер көрсетіледі: су-минералдық және балшықпен емдеу, ішекті және қызылиекті сулау, тамақ булау, тұз шахтасы, электрмен, жарықпен, жылумен емдеу, уқалау, акупунктура (инемен емдеу).  Курорт мынадай заманауи диагностикалық зерттеулер түрлерін ұсынады: зертханалық, эндоскопиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және функционалдық тексеру.  Барлық негізгі мамандықтар бойынша мамандар қабылдайды: терапия, хирургия, кардиология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, гинекология, урология, диетология, педиатрия, физиотерапия, офтальмология, стоматология, ЛОР, психотерапия, ине салып емдеу, косметология.    
        Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында, дәл осы біздің «Алматы» Сауықтыру СПА Курортында тұңғыш рет пайдаланылып отырған құрғақ салқын ауамен емдейтін   -110° C-қа жететін криосаунаға келіп түсуді ұсынамыз.
        «Алматы» медициналық сауықтыру курортында заманауи диагностикалық зерттеулер қарастырылған. Оларға келесі диагностикалық емшаралар жатады:

    Функцияналдық тексеру:

    1)    ЭЭГ - электроэнцефалограмма
    2)    Эхография
    3)    ВЭМ -Велоэргометрия
    4)    Холтер ЭКГ - электрокардиограмманың тәуліктік жазбасы
    5)    Тредмил – жарыс жолы
    6)    СМАД - артериалдық қан қысымын тәулік бойы бақылау
    7)    Спирография – тыныс алу жолдарының ауруларын анықтау
    8)    КДЛ – клиникалық-диагностикалық  зерттеуханасы

    Зерттеухана өткізетін тексерістері:

    1)    Жалпы сараптамалар: ЖҚС – жалпы қан сараптамасы , ЖЗС –жалпы зәр сараптамасы
    2)    Қанның биохимиялық сараптамалары
    3)    ИФА -иммуноферменттік анализ, ПЦР –полимераздық тізбектік  реакциясы
    4)    Гинекологиялық, урологиялық  сүртінділері
    5)    Коагулограмма
    <div style%
  • Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ш.а, Каргалы кварталы 1/5

    +7(727) 300 34 00 (круглосут.) Брондау бөлімі

    +7(727) 300 35 37 (круглосут.) Брондау бөлімі

    +7(727) 300 34 35 (7.00-22.00) Ресепшен Емдеу-сауықтыру кешені (Бассейн) 

     +7(727) 300 35 00 (8.00-16.00) Ресепшен Медициналық блок



    Email:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
    http://ehealth.kz/ru/sanatoriums/6
    http://www.almatyresort.kz/

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты