ҚР ПІБ МО «Орталық клиникалық ауруханасы» РМК, Алматы қ.

  • amangaliyev

     Бас дәрігері - Крачковский Игорь Игоревич

    Құрметтi сайтқа келушiлерi, әрiптестер және достар!

    Орталық  клиникалық  аурухана – техникалық жабдықтауы  бойынша және  медициналық  көмектің жоғары сапасын  қамтамасыз  етуде  және медициналық  қызметтің  кең түрін көрсететін, қызмет  көрсетуде дүниежүзілік  стандарттарға  сәйкес  келетін   еліміздің ең ірі  теңдессіз клиникасы.

    Аурухананың жұмыс  аясы  медициналық  көмектің  барлық  формаларын қамтиды: жедел  медициналық  көмек, амбулаторлық-емханалық, ауруханалық және  аурухананы  ауыстыратын  орындар. Соңғы кезде  ауруханада көрсетілетін  медициналық  көмекті  жаңғырту  жүргізілуде. Отандық және шетелдік  денсаулық  сақтаудың  көптеген жаңалықтары бізде  іске  асырылады. Аурухананың  адам қоры  басты байлық болып саналады.  Дәрігерлер құрамында 8 доктор және 33 медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан  Республикасына  еңбек сіңірген  2 дәрігер, ҚР Мемлекеттік  сыйлығының 2 лауреаты бар.  Аурухананың көп жылғы  жұмысында  корпоративтік  мәдениет қалыптасты, бір жағынан  басшылардың  қызметкерлерге сыйластық қатынасы, екінші жағынан -   қызметкерлердің  пациенттерге  сыйластық қатынасы.

    Еліміздегі  барша  халықтың  жоғары технологиялық  медициналық  көмек  түрлеріне  қол жеткізуіне күш салудамыз.

    Қазіргі уақытта  ауруханада кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедтік, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық  операциялар жасалады, жоғары мамандандырылған 14 мамандық бойынша  амбулаторлық-емханалық  ауруханалық терапевтік көмек көрсетіледі.

    Жоғары сапалық  медициналық  көмек  жоғары мамандандырылған дәрігерлердің  және  медициналық  қызметкерлердің сапалы жұмысымен және  заманауи нақтамалау және  емдеу  аппараттарымен, жабдықтарымен, сондай-ақ жоғары  қызметімен  қамтамасыз  етіледі.

    Біздің САЙТ-қа кіріп, керегін таңдап алыңыз!
    Біз  Сіздердің  аман-саушылықтарыңыз  үшін бәрін  істеуге  дайынбыз!



  • 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 139
    Call-center: 8 (727) 261 04 50
    Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
    Ресми сайты: http://sovminka.kz/kk/

    Әлеуметті желілер:

    - ВК (ВКонтакте) http://vk.com/id209257811

    - Фейсбук https://www.facebook.com/sovminka.sovminka?ref=tn_tnmn

    - Одноклассники http://www.odnoklassniki.ru/profile/554210721622

    - YouTube.com http://www.youtube.com/results?search_query=%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%B0

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты