Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы

    1929 жылы Қаз ССР Халықтық комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен республиканың астанасы Қызылордадан Алматы қаласына ауыстырылды. Үкіметтің жаңа астанаға көшуіне байланысты, кеңестік-партиялық активке медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қажеттігі жөнінде мәселе көтерілді. Емдеу комиссиясының амбулаториясын ұйымдастыру доктор Ф.И. Неймаркке жүктелді. Бұл оқиға біздің медициналық қызметті ұйымдастырудың бастамасы еді. 10 мөлшерлеме көлемінде амбулатория штаты бекітілді. Ол амбулатория Торговый көшесінде (қазіргі Жібек Жолы көшесі) орналасқан, 5 бөлмелі, бір қабатты үйде орналасқан болатын. Үйге шақырту ат көлігімен жүзеге асырылатын.

    1932 жылы ҚазССР Халықтық комиссарлары кеңесінің отырысында Кеңхалкомның Іс басқармасы құрамында Санитарлық басқарма құру мәселесі шешілді.

    Амбулаторияның дәрігерлері алғаш рет республикалық форумдар мен кеңестерді қамтамасыз етуге тартылып, 1932 жылы (б) БОКП, Өлкеком Пленумының ашылуына орай, амбулатория делегаттарға қызмет көрсете бастады.

    1933 жылы санитарлық корпус салынды да, ол Кеңхалком Санитарлық басқармасының амбулаториясымен біріккен аурухана болды. Аурухана Ұлы Отан соғысы жылдары барлық ел сияқты фронтқа да қызмет көрсетті. Жараланғандарды ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда, төсек-орындар қоры қарастырылып, ЖӘҚҚ штабы бойынша қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылған.

    Одан кейінгі жылдары аурухана кеңейе түсті, жаңа емдеу мен диагностика жүргізу корпустары пайда болды, материалдық-техникалық базасы нығайып, тіркелген құрамға медициналық көмек көрсету іске асырыла бастады. 1964 жылғы ақпанда Қазақ ССР Министрлері кеңесінің Қаулысымен ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы 4-ші Бас басқарма құрылды, қазіргі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы.

    Қазіргі кезде Медициналық орталық – бұл тіркелген құрамды емдеуде және сауықтыруда емханадан бастап санаториймен аяқталатын барлық кезеңді қамтитын, мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын қорғау жөніндегі ведомстволық қызмет. Медициналық орталықтың негізгі міндеттері тіркелген құрамға медициналық, санаторлық-курорттық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамту, денсаулықтарын нығайту мен сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. 2008 жылы Министрліктер үйінің ғимаратында жаңа емхана ашылды, стационарында 20 төсек-орынға шақталған терапевтік бөлім кеңейтілді, операциялық блогімен 10 төсек-орындық хирургиялық бөлім және анестезиология мен жансақтау бөлімдері ашылды. Бүгінгі таңда Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілер жұмыстарының ерекшілігі олардың жиі науқастануына соқтырады. Осыған байланысты, оларды сауықтыру мен оңалту жүйесін дамытуда аса жоғары қажеттілік туындады. Республикада, сонымен қатар өзге де ТМД елдерінде бұрынғы оңалту мен сауықтыру жүйелері жойылған. Жалпы әлеуметтік саясат контексінде санаторлық-курорттық салаларды қарастыра отырып, Президенттің Іс басқармасы медициналық көмек көрсетудің осы түрін сақтап қалды. Медициналық орталық алдыңғы қатарлы курортология ұйымдары салаларымен әріптестікті нығайтуда.

    Медициналық орталық жүйесінде Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы жұмыс істейді. Оның басым бағыттары жоғары технологиялы медициналық құрал-жабдықтарды іздестіру, талдау жүргізу, медициналық-ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды әзірлеу, алып жүру және дамыту болып табылады. Медициналық орталықтың қызметінде алыс-жақын шетелдердегі алдыңғы қатарлы ғалымдардың көмегімен емделушілерге кеңес беруді қамтамасыз ететін, телемедициналық технологиялар, сондай-ақ мамандарды қашықтан оқыту мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады, Бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілуде.

    Астана қаласында медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру мақсатында Орталық-азия өңірінде қазіргі заманғы сипатта салынып жатқан Клиникалық-оңалту кешенінің құрылысы жүргізілуде. Балхаш көлі жағалауында санаторий құрылысының дайындық жұмыстары басталды. Медициналық орталық қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізуді жалғастырып келеді.

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты