Оқжетпес емдеу-сауықтыру кешенінде «Ғасырлар үні» фольклорлық-этнографиялық фестивалі

22.06.15

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында "Оқжетпес" щипажайында Ақмола облыстық филармониясымен «Ғасырлар үні» фольклорлық-этнографиялық фестивалі өткізілді, оған Ресей Федерациясы, Белоруссия, Қытай, Моңғолия және Қазақстан елдерінен келген фольклорлық ансамбльдер мен жеке орындаушылар қатысты.

Фольклорлық ансамбльдер мен әлемдік деңгейдегі музыканттар шақырылған осы шығармашылық кеш қатысушыларға өз халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көрсетуге ғана мүмкіншілік беріп қоймайды, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру барысын  жетілдіруге, жаңа шығармашылық бастамалар мен дәстүрлердің дүниеге келуіне және көршілес жатқан мемлекеттермен ғасырларға ұласқан достастық қарым-қатынасты сақтауға ықпал етеді.

Рухани мұра мен салт-дәстүр қашанда қоғамның болашақ дамуын анықтаған. Сондықтан да Қазақстан экономикалық тұрғыдан өркендеуге және халқының материалдық әл-ауқатын жетілдіруге ғана ұмтылмайды, сонымен қатар біздің керемет, дәнді-дақылдарға бай еліміз бен  көп этникалық қоғамымызда қоныстанған әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдерінің өзара тіл табысулары мен ынтымақтастығын нығайтып, бекітуді де мақсат етеді.

Рухани дамудың өзекті мәселелеріне арналған осындай көлемді іс-шараны өткізу үлкен қызығушылықтар мен пікір айтулар туғызады және әртүрлі ұлттар мен конфессия өкілдері арасындағы мәдени байланысты бекітуге жағдай жасайды. Әр  ұлттың   өмір сүруінің мәні мен негізі оның мәдениетінен тұратындығын бәріміз де білеміз.  Онда ол ұлттың тарихы мен генетикалық коды да бар.

«Ғасырлар үні»  фольклорлық-этнографиялық фестивалі әртүрлі ұлттардың басын біріктіре отыра, өзара мәдени алмасудың көлемін ұлғайтуға, тығыз шығармашылық байланыс орнатуға ықпал етеді, сонымен қатар қазақ, орыс, белорусс, қытай, моңғол халықтарының  баға жетпес құндылықтарын қоғам назарына ұсынып, көрермен халықтың қызығушылығын туғызады. Бір халықтың келесі бір халықтың  жетістігін меңгеріп, үйреніп алуы, ол мәдениеттің өміру сүруге бейімділігін, өрлеу көрсеткішін көрсететіндігі бұрыннан дәлелденген. Өзара мәдени алмасу жолы арқылы ғана барлық адамзатқа тән мәдениет құрылады. Ал біздің фестиваліміз  әртүрлі елдер мен өңірлерге, дәстүрлерге саяхат жасайтын  этнографиялық экспедиция болып та табылады.

Фольклорлық-этнографиялық фестиваль аясында  алыс және жақын шетелдерден келген қатысушылар мен ұжымдар бір-бірінен шынайы этникалық мәдениет пен ұлттық дәстүрдің түпнұсқаларын көріп, үйрене алады.

  • Просмотров: 1145

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты