«Қазақстан» санаторийі осызаманғы эндоскопиялық қондырғымен жабдықталған

28.04.17

эндоскопиялық қондырғы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасына қарасты Медициналық орталық Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы курорттық аймақта орналасқан көпфункционалды жылбойғы «Қазақстан» санаторийіне иелік етеді. Санаторий бальнеологиялық және балшықтық емдік қасиеті бар Кавказ Минералды Сулары тобына кіреді.  

Таулы аймақтың таза ауасы, аралас және қылқан жапырақты ормандар, аймақтағы 30-дан астам минералды су түрлері, 130-дан астам бұлақ көзі, бүкіл әлемге белгілі «Ессентуки-4.14, жаңа» және өзінің құрамы бойынша Израильдегі Өлі теңізге өте ұқсас, ал органикалық заттары жағынан одан да асып түсетін Тамбукан көлінің сульфидті-лайлы балшығы - осының барлығы Ессентукидің қайталанбас табиғи емдік қасиеттерге толы ұтымды ерекшеліктері болып табылады. Мұнда жыл сайын 5 000-ға жуық адам демалып, ем-сауықтыру курстарынан өтеді.

Санаторийдің әлемдік стандарттарға сәйкес келетін диагностикалық және ем-сауықтыру базасы бар. Ол қонақтарға толық медициналық тексеруден өтуге және сауығуға мүмкіндік береді.

Демалушылар мен пациенттерге көрсетілетін қызметтер арасында толық және еш ауыртпайтын эндоскопиялық зерттеу де бар. Нақты айтқанда, санаторий тілек білдірушілерге ұйқы безінің, бауырдың, өт қабының ультрадыбыстық диагностикасын, ректороманоскопия (тік ішек зерттеулері) мен эзофагогастородуоденоскопияны (өңеш, асқазан, мен ұлтабардың зерттеулері) өтуді ұсынады.

Эндоскопиялық техниканың дамуына байланысты «Қазақстан» санаторийі шырышты қабықтың жеке элементтерін көруге мүмкіндік беретін «Olympus» фирмасының осызаманғы бейне-эндоскопиялық құрылғысымен жабдықталған.

Эндоскопиялық зерттеу одан кейінгі гистологиялық зерттеуге жөнелту үшін болжамды патологиялық ошақтан дәл көзделген биопсияны алуға мүмкіндік береді. Ол диагнозды растау және пациентті емдеу тактикасын анықтау үшін қажет.

Осызаманғы емдеу-диагностикалық базаның, емдеу бағдарламаларының, сонымен қатар қолайлы климаттық жағдайлардың болуына байланысты «Қазақстан» санаторийі асқорыту органдарының патологиясы бар пациенттерге медициналық оңалту курстарын ұсынуға әзір.  

Минералды сулар пайдаланылатын арнайы процедуралар кешені, диетотерапия, физиотерапевтикалық процедуралар, бальнео және балшықпен емдеу ішек-қарын жолдарының аурулары кезінде қабынуға қарсы ерекше әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді.

«Қазақстан» санаторийі өзінің қонақтарына эндоскопия кабинетінің қызметін пайдаланып, демалыстарын толық әрі пайдалы зерттеумен толықтыруға шақырады.

  • Просмотров: 180

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты