«Алматы» шипажайына бальнеоемдеу және климатпен емдеу саласында ФЭМТЕК наградасы берілді

17.10.16

2

    ҚР ПІБ баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» шипажайы» АҚ-ға 2016 жылғы 05-06 қазанда Джермук қаласында (Армения Республикасы) өткен Дүниежүзілік сумен емдеу және климатпен емдеу федерациясы Бас ассамблеясының 69-Халықаралық конгресінде  бальнеоемдеу және климатпен емдеу саласында награда берілгенін хабарлайды.

    Награда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үшін негіз болып саналуға құқығы бар «жылы аумақ» құрылымдық және мәдени мұра байлығын, санаторлық-курорттық емдеуді дамыту мен сақтауға қосқан үлесі үшін берілді. ФЕМТЕК осы марапаттың 2016 жылы өз категориясы мен классификациясында үздіктердің бірін мойындау үшін қажетті жоғары сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін бір ауыздан растады.  

1

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» шипажайы» АҚ – мақсаты Қазақстан Республикасының науқастарын емдеу мен оңалтуға, профилактикаға үлес қосу болып табылатын, 50 жылдық тарихымен 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі бар бірегей заманауи шипажай.

    Шипажай Алматы қаласының экологиялық таза ауданында теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Іле Алатауының етегінде орналасқан.

    Шипажайда демалушылар үшін медицинаның жоғары дәрежелі жетістіктері мен демалуға барынша жайлылықты үйлестіретін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Шипажай медициналық қызметінің арсеналында іс жүзінде санаторлық-курорттық емдеу мен медициналық оңалту әдістерінің уақытпен тексерілген барлық тізбесі бар. Емдеудің ең заманауи тиімді түрлені ұсынылады: физиотерапия, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, дәстүрлі медицинаның элементтері бар емдік дене шынықтыру, сонымен бірге криотерапия, галотерапия, вакумед, «Каракалла» ваннасы, құрғақ көмірқышқыл және озон ванналары, флойтинг-ванна, құрғақ гидромассаж, гидроколонотерапия және т.б.

  • Просмотров: 883

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты