Новости подведомственных организаций

Ставрополь аймағының белгілі шипажайлары мен Астана қаласын тікелей әуерейс байланыстырады
18.05.2017

2 маусымнан бастап аптасына екі рет - дүйсенбі мен жұма күндері орындалатын жазғы маусымға арнайы ашылған Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы бойынша жолаушылар тасымалы орындала бастайды.

Ресейдің танымал бальнеологиялық және балшықты курорттары саналатын Кавказ Минералды Сулары тобына Ессентуки, Кисловодск пен Железноводск қалалары кіреді.

Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы

Ессентуки қаласында «Қазақстан» көпфункционалды шипажайы орналасқан. Ол жыл сайын 5000 демалушыға қызмет көрсетеді.

«Қазақстан» шипажайының емдік-диагностикалық бөлімшесі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, ал жоғарытәжірибелі мамандар шипажайда науқастарды қабылдап, кеңес береді.    

Шипажайда ем-дом қызметін көрсету кезінде ас қорыту мүшелері мен зат алмасуының бұзылуына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, сүйек-бұлшықет жүйесі, жүйке аурулары, қан айналымының бұзылуы, бүйрек пен несепбөлу жолдарының ауруы, гинекологиялық және урологиялық ауруларды емдеу түрлері жүргізіледі.

Литвалық профессор қант диабетіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасау тәжірибесімен бөліседі
16.05.2017

Профессор из Литвы поделится опытом бариатрического оперирования

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «2-ші үлгідегі асқынған қант диабеті кезіндегі семіздікті емдеу үшін жасалатын бариатрикалық ота жасаудың хирургиялық және анестезиологиялық көріністері» тақырыбында тренинг өтеді.

Шеберлік сабағын профессор, Литваның денсаулық ғылымдары институтының (Каунас қаласы) азинвазивты хирургия және асқазан-ішек хирургиясы секторының меңгерушісі Алмантас Малецкас өткізеді.

Сонымен қатар А.Малецкас тренинг шеңберінде артық салмақты және қант диабетіне шалдыққан пациенттерді қабылдап, кеңес береді.

 http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5021

«Қазақстан» санаторийі осызаманғы эндоскопиялық қондырғымен жабдықталған
28.04.2017

эндоскопиялық қондырғы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасына қарасты Медициналық орталық Ресей Федерациясының Ессентуки қаласындағы курорттық аймақта орналасқан көпфункционалды жылбойғы «Қазақстан» санаторийіне иелік етеді. Санаторий бальнеологиялық және балшықтық емдік қасиеті бар Кавказ Минералды Сулары тобына кіреді.  

Таулы аймақтың таза ауасы, аралас және қылқан жапырақты ормандар, аймақтағы 30-дан астам минералды су түрлері, 130-дан астам бұлақ көзі, бүкіл әлемге белгілі «Ессентуки-4.14, жаңа» және өзінің құрамы бойынша Израильдегі Өлі теңізге өте ұқсас, ал органикалық заттары жағынан одан да асып түсетін Тамбукан көлінің сульфидті-лайлы балшығы - осының барлығы Ессентукидің қайталанбас табиғи емдік қасиеттерге толы ұтымды ерекшеліктері болып табылады. Мұнда жыл сайын 5 000-ға жуық адам демалып, ем-сауықтыру курстарынан өтеді.

Санаторийдің әлемдік стандарттарға сәйкес келетін диагностикалық және ем-сауықтыру базасы бар. Ол қонақтарға толық медициналық тексеруден өтуге және сауығуға мүмкіндік береді.

Демалушылар мен пациенттерге көрсетілетін қызметтер арасында толық және еш ауыртпайтын эндоскопиялық зерттеу де бар. Нақты айтқанда, санаторий тілек білдірушілерге ұйқы безінің, бауырдың, өт қабының ультрадыбыстық диагностикасын, ректороманоскопия (тік ішек зерттеулері) мен эзофагогастородуоденоскопияны (өңеш, асқазан, мен ұлтабардың зерттеулері) өтуді ұсынады.

Эндоскопиялық техниканың дамуына байланысты «Қазақстан» санаторийі шырышты қабықтың жеке элементтерін көруге мүмкіндік беретін «Olympus» фирмасының осызаманғы бейне-эндоскопиялық құрылғысымен жабдықталған.

Эндоскопиялық зерттеу одан кейінгі гистологиялық зерттеуге жөнелту үшін болжамды патологиялық ошақтан дәл көзделген биопсияны алуға мүмкіндік береді. Ол диагнозды растау және пациентті емдеу тактикасын анықтау үшін қажет.

Осызаманғы емдеу-диагностикалық базаның, емдеу бағдарламаларының, сонымен қатар қолайлы климаттық жағдайлардың болуына байланысты «Қазақстан» санаторийі асқорыту органдарының патологиясы бар пациенттерге медициналық оңалту курстарын ұсынуға әзір.  

Минералды сулар пайдаланылатын арнайы процедуралар кешені, диетотерапия, физиотерапевтикалық процедуралар, бальнео және балшықпен емдеу ішек-қарын жолдарының аурулары кезінде қабынуға қарсы ерекше әсер ететін қасиетімен ерекшеленеді.

«Қазақстан» санаторийі өзінің қонақтарына эндоскопия кабинетінің қызметін пайдаланып, демалыстарын толық әрі пайдалы зерттеумен толықтыруға шақырады.

Оқжетпес емдеу-сауықтыру кешенінде  «Ғасырлар үні» фольклорлық-этнографиялық фестивалі
22.06.2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеу аясында "Оқжетпес" щипажайында Ақмола облыстық филармониясымен «Ғасырлар үні» фольклорлық-этнографиялық фестивалі өткізілді, оған Ресей Федерациясы, Белоруссия, Қытай, Моңғолия және Қазақстан елдерінен келген фольклорлық ансамбльдер мен жеке орындаушылар қатысты.

Фольклорлық ансамбльдер мен әлемдік деңгейдегі музыканттар шақырылған осы шығармашылық кеш қатысушыларға өз халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көрсетуге ғана мүмкіншілік беріп қоймайды, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие беру барысын  жетілдіруге, жаңа шығармашылық бастамалар мен дәстүрлердің дүниеге келуіне және көршілес жатқан мемлекеттермен ғасырларға ұласқан достастық қарым-қатынасты сақтауға ықпал етеді.

Рухани мұра мен салт-дәстүр қашанда қоғамның болашақ дамуын анықтаған. Сондықтан да Қазақстан экономикалық тұрғыдан өркендеуге және халқының материалдық әл-ауқатын жетілдіруге ғана ұмтылмайды, сонымен қатар біздің керемет, дәнді-дақылдарға бай еліміз бен  көп этникалық қоғамымызда қоныстанған әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдерінің өзара тіл табысулары мен ынтымақтастығын нығайтып, бекітуді де мақсат етеді.

Рухани дамудың өзекті мәселелеріне арналған осындай көлемді іс-шараны өткізу үлкен қызығушылықтар мен пікір айтулар туғызады және әртүрлі ұлттар мен конфессия өкілдері арасындағы мәдени байланысты бекітуге жағдай жасайды. Әр  ұлттың   өмір сүруінің мәні мен негізі оның мәдениетінен тұратындығын бәріміз де білеміз.  Онда ол ұлттың тарихы мен генетикалық коды да бар.

«Ғасырлар үні»  фольклорлық-этнографиялық фестивалі әртүрлі ұлттардың басын біріктіре отыра, өзара мәдени алмасудың көлемін ұлғайтуға, тығыз шығармашылық байланыс орнатуға ықпал етеді, сонымен қатар қазақ, орыс, белорусс, қытай, моңғол халықтарының  баға жетпес құндылықтарын қоғам назарына ұсынып, көрермен халықтың қызығушылығын туғызады. Бір халықтың келесі бір халықтың  жетістігін меңгеріп, үйреніп алуы, ол мәдениеттің өміру сүруге бейімділігін, өрлеу көрсеткішін көрсететіндігі бұрыннан дәлелденген. Өзара мәдени алмасу жолы арқылы ғана барлық адамзатқа тән мәдениет құрылады. Ал біздің фестиваліміз  әртүрлі елдер мен өңірлерге, дәстүрлерге саяхат жасайтын  этнографиялық экспедиция болып та табылады.

Фольклорлық-этнографиялық фестиваль аясында  алыс және жақын шетелдерден келген қатысушылар мен ұжымдар бір-бірінен шынайы этникалық мәдениет пен ұлттық дәстүрдің түпнұсқаларын көріп, үйрене алады.

Президент ауруханасының дәрігерлері Қостанайда науқастарды тегін қабылдайды
18.05.2017

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Аурухананың жоғарытәжірибелі дәрігерлері (кардиохирург, қан тамыры хирургы, кардиолог) 25-26 мамыр күндері Қостанай қаласында облыстық аурухананың кеңестік емханасында науқастарды тегін қабылдайды.

http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5086

Литваның бас реабилитологы Астанада кардио және нейрореабилитация сұрақтары бойынша кеңес өткізеді
15.05.2017

Главный реабилитолог Литвы в Астане проведет прием и консультации по кардио- и нейрореабилитации

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 15-26 мамыр аралығында менторлық – тәлімгерлік тәжірибемен алмасу бойынша «Кардиология, травматология мен неврологиядағы реабилитациялық (оңалту) бағдарламалар» тақырыбында семинар өтеді.

Басты шақырылған лектор – профессор, м.ғ.д., Литваның денсаулық ғылымы институтының (Каунас қаласы) реабилитация Клиникасының нейроребилитация бөлімінің жетекшісі Раймондас Савицкас.

Дәрігер тәлімгерлік курсы шеңберінде кардио және нейрореабилитация мен ортопедиалық операциядан кейін пациенттерді оңалту бағдарламалары бойынша қабылдау жүргізіп, кеңес береді.

Аталмыш тәлімгерлік бағдарлама реабилитолог және ЕДШ дәрігерлері, терапевт, невролог дәрігерлері мен емделушілерді оңалту кезінде қосылатын басқа да мамандардың медбикелеріне де қызықты болады.

 http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5049

«Қазақстан» санаторийінен ең таңдаулы жаңа жылдық безендіруі, Ессентуки қаласы
19.01.2017

1

    13 қаңтар жаңа жылдық демалыстар кезеңін аяқтайтын күн, дәстүр бойынша Ессентуки қаласының әкімшілігінде мерекелер қорытындысын шығару және үйлердің, кәсіпорындар мен мекемелердің және ұйымдар ғимараттарын мерекелік үздік безендіру бойынша  Жаңа жылдық өрнек» атты байқау-конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

3

    Қала әкімшілігінің залына Ессентукиде мерекелік орта қалыптастыруға өз үлесін қосқан үздіктер шақыртылды.
 
    «Қазақстан» санаторийі «Ішкі интерьердің үздік безендірілуі» номинациясында жеңімпаз атанды.

    Ессентуки қаласының басшысы А.Ю. Некристов «Қазақстан» санаторийі директорының жалпы мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі орынбасары Е.А. Асқаровтың тұлғасында санаторийге жеңімпаз дипломын табыстап, бағалы сыйлық ретінде теледидар тарту етті.

2

Ресей ғалымы Астанада бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың  инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялармен таныстырады
17.05.2017

Бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялары

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ауруханада 22-26 мамыр аралығында «Бүйрек ауруларын емдеу мен оны диагностикалаудың инновациялық әдістері мен осызаманғы технологиялары» атты тақырыпта тренинг өтеді.

Аталмыш шеберлік сынытпы профессор, м.ғ.д., академик И.Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік  медициналық университетінің нефрология және диализ кафедрасының меңгерушісі Есаян Ашот Мовсесович өткізеді.

А.Есаян аталмыш тренинг шеңберінде бүйрек ауруына шалдыққан науқастарды қабылдап, кеңес өткізеді деп жоспарлануда.

http://bmcudp.kz/ru/news/announcements/5022

Қазақстандық дәрігерлер қан мен оның құрамдас бөліктеріне әсер етудің инновациялық әдістерін игеруде
03.05.2017

гравитациялық хирургия орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты ауруханада экстракорпоралды гемокоррекцияның озық және тиімді әдістері қолданылатын осызаманғы гравитациялық хирургия орталығы қызмет етуде.

2015 жылдың қараша айында ашылған экстракорпоралды гемокоррекция бөлімі тіркелген құрамға, сонымен қатар ақылы түрде және келісім негізінде тұрғындарға қызмет көрсетеді. 2017 жылдан бастап тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді мөлшері шеңберінде бағдарламалық гемодиализ қызметін ұсыну қолға алынды.  

Экстракорпоралды гемокоррекция медицинаның ең жаңашыл бағыттарының бірі болып саналады. Ол дәрі-дәрмекпен емдеу кезінде пациенттің жағдайы мен көңіл-күйінің бір қалыпқа келуін жақсартуда таптырмас көмекші.

Гемокоррекция немесе қанның гравитациялық хирургиясы ауру түрлерін емдеудің озық әдістерін біріктіреді. Аурудың түрлі даму түйіндеріне әсер ете отыра, қан жасушаларының қасиеттерін өзгертуден бастап, олардың циркуляторлық арнасындағы сандық мөлшеріне дейін әсер ете алады. Демек, аурудың даму процессі мен патологияның ілгерілеуі бәсеңсиді.

Экстракорпоралды гемокоррекция процедуралары осызаманғы «HaemoneticsMCS» (США), «Dialog+ BBraun» мен «Multifiltrate» (Германия) жабдықтарымен өткізіледі. Олардың барлығы сертификатталған. Аталмыш аппараттармен детоксикацияның (қан тазарту) инновациялық әдістері өткізіледі және аутоиммунды сырқаттарды (ревматоидты артрит, гравис миастениясы, жүйелі қызыл жегі, Крон ауруы) емдеу кезінде пайдаланылады.

Нақтырақ айтқанда, «Юлия» аппаратында қанды ультракүлгін сәулелерімен емдеу өткізіледі. Ол бактериялар мен вирустарды залалсыздандырып, иммунитет пен ағзаның тән емес резистенттілігін (төзімділігін) күшейтеді.

«Озон УМ-80» аппаратында адам ағзасын медикаменттік емес жолмен қалпына келтіру мен емдеу өткізіледі. Антибиотиктерге төтиеп беретін герпес, А,В,С геппатиттері сынды вирустардың өзіне әсер ететін жоғары антисептикалық қасиетке тән.  

Озонды ағзаға енгізу қанда оттегі құрамын көбейтеді және барлық мүшелер мен ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, ағзаның қорғаушылық белсенділігін 10 есеге арттырады. Озон ұйқы қашуды, стресс пен созылмалы шаршағыштық белгілерін жояды.

Диффузиялау арқылы ағзаны төменгімолекулырлық заттардан арылту үшін «Dialog+» фирмасының «BBraun» аппараты қолданылады. Аталмыш ем созылмалы бауыр жеткіліксіздігін емдеу кезінде қолданылуға арналған.

«Алматы» шипажайына бальнеоемдеу және климатпен емдеу саласында ФЭМТЕК наградасы берілді
17.10.2016

2

    ҚР ПІБ баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» шипажайы» АҚ-ға 2016 жылғы 05-06 қазанда Джермук қаласында (Армения Республикасы) өткен Дүниежүзілік сумен емдеу және климатпен емдеу федерациясы Бас ассамблеясының 69-Халықаралық конгресінде  бальнеоемдеу және климатпен емдеу саласында награда берілгенін хабарлайды.

    Награда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үшін негіз болып саналуға құқығы бар «жылы аумақ» құрылымдық және мәдени мұра байлығын, санаторлық-курорттық емдеуді дамыту мен сақтауға қосқан үлесі үшін берілді. ФЕМТЕК осы марапаттың 2016 жылы өз категориясы мен классификациясында үздіктердің бірін мойындау үшін қажетті жоғары сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін бір ауыздан растады.  

1

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Алматы» шипажайы» АҚ – мақсаты Қазақстан Республикасының науқастарын емдеу мен оңалтуға, профилактикаға үлес қосу болып табылатын, 50 жылдық тарихымен 5 жұлдызды қонақ үй мәртебесі бар бірегей заманауи шипажай.

    Шипажай Алматы қаласының экологиялық таза ауданында теңіз деңгейінен 1052 метр биіктікте Іле Алатауының етегінде орналасқан.

    Шипажайда демалушылар үшін медицинаның жоғары дәрежелі жетістіктері мен демалуға барынша жайлылықты үйлестіретін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Шипажай медициналық қызметінің арсеналында іс жүзінде санаторлық-курорттық емдеу мен медициналық оңалту әдістерінің уақытпен тексерілген барлық тізбесі бар. Емдеудің ең заманауи тиімді түрлені ұсынылады: физиотерапия, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, дәстүрлі медицинаның элементтері бар емдік дене шынықтыру, сонымен бірге криотерапия, галотерапия, вакумед, «Каракалла» ваннасы, құрғақ көмірқышқыл және озон ванналары, флойтинг-ванна, құрғақ гидромассаж, гидроколонотерапия және т.б.

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты