«Қызыл кітап, балалардың көзімен» атты Халықаралық экологиялық байқауға қатысу

13.05.18

1

«Қарлығаш» балабақшасы» РМК «Қызыл кітап, балалардың көзімен» атты Халықаралық экологиялық байқауға қатысты.

Бұл байқауға қатысу интернет арқылы болды. Осы қашықтық байқауға сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, сирек кездесетін жануарлардың бейнелері мен аппликациялары, жойылып бара жатқан (Ресей және басқа елдердің Қызыл кітабына енеген) жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы презентациялар қабылданды.

Қатысушылардың жұмыстары сараптамалық бағалаудан өтіп порталды жарияланды.

Байқау нәтижесінде балақша тәрбиеленуші Жанбатыров Мардан І орынға ие болып жеңімпаз дипломымен марапатталды,Жексембин Айдар, Кусаинова Амира және Алтай Айлин ІІ орын иегерлері болып жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың өсімдік пен жануар әлемінің әртүрлілігінің қысқартылуы мәселесі қатынасына белсенді өмірлік позициясын және экологиялық мәдениетін қалыптастыру,қоршаған орта мәселелеріне көңіл аударту.

  • Просмотров: 276

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты