Қымбатты қазақстандықтар! ҰОС ардагерлері мен Қарулы күштер жауынгерлері!

05.05.17

1

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Елбасының жарлығымен осыдан 25 жыл бұрын республикамыздың Қарулы Күштері құрылып, ұлттық армия жасақталды. Содан бері осы күнді жыл сайын Жеңіс мерекесімен бірге атап өту игі дәстүрге айналып отыр.

Бұл күні Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетіледі. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар да сондай ілтипатқа ие.

Бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етіледі.

Екінші дүниежүзілік соғыста ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастырып, қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Арын - байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз мызғымас болып қала бермек.

ҰОС ардагерлеріне, жауынгерлерге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын.

2

Мамыр айында аталып өтілетін ерлік пен батылдықты мадақтайтын қос мереке тағы да құтты болсын!

  • Просмотров: 718

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты