ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ САНАТОРИЙЛЕРІ «KITF» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

28.04.17

kitf

kitf

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Алматы», «Оқжетпес», «Қазақстан» санаторийлері Алматы қаласында 19-21 сәуір аралығында өткен «KITF» 17-нші халықаралық «Туризм мен Саяхат» атты көрмеге қатысты.

Нақты айтқанда, Ресейдің Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» санаторийі аталмыш көрмеге Ресей Федерациясының Сауда өкілеттілігімен біріккен Ставрополь өңірі өкілдерінің құрамында қатысты. «Ставрополь өңірі, Кавказ Минералды Сулары» стендінде аймақтағы санаторлық-курорттық және туристтік кешендер, соның ішінде «Қазақстан» санаторийінің жетістіктері көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар, өңірдің Кавказ Минералды Сулары экологиялық-курорттық аймақта демалу мен емделудің бәсекелестік артықшылары көрмені тамашалаушыларға таныстырылды.

«Оқжетпес» пен «Алматы» санаторийлері «Туризм және Саяхат» көрмесінде алдағы ем-сауықтыру маусымынан толыққанды ақпарат беретін жарнамалық өнімдерін ұсынды.

kitf

«KITF»-2017 экспозициясын 30 елден жиналған 500-ден астам қатысушы-компания ұсынды.

Орталық Азияның ірі туристтік форумы саналатын «KITF»-2017 халықаралық көрмесі тағы бір мәрте көрермендер назарына алдағы жаңа жаз маусымының мүмкіндіктері мен туризм индустриясындағы жаңашыл трендттерді, саланың тенденциялары мен стратегияларынан сыр шертті.

kitf

kitf

  • Просмотров: 182

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты