ҚР ПІБ Медициналық орталығы қытайдың дәстүрлі медицинасындағы әріптестерінің тәжірибесін қолдануға дайын

04.11.16

1

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы, Beijing Tong Ren Tang Europe Holding B.V. корпорациясы және «СИТИК ҚАЗАҚСТАН» ЖШС қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп ҚР ПІБ баспасөз қызметі хабарлайды.

    Меморандумның мақсаты денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады.

    Ынтымақтастық аясында қатысушылар:  ұйымдардың практикалық қызметіне ең тиімді емдеу-диагностикалық әдістерді енгізу бойынша жәрдемдесу; денсаулық  сақтау, Қытайдың  дәстүрлі  медицинасы және олармен сабақтас бағыттар саласында персоналды оқытудың бірлескен жобаларын  ұйымдастыру; медициналық және басқа мамандармен алмасу секілді денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс жүргізу ниетін білдірді.

    Сондай-ақ шеберлік кластарын, ғылыми-практикалық конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарланып отыр.

  • Просмотров: 474

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты