Президенттік клиника роботтандырылған хирургия жобасын іске қосуға дайындалуда

08.08.18

2

1

Американдық беделді хирург әлемдегі ең алғашқы болып роботтандырылған қондырғыны қолдана отырып операция жасауды бастады және, бүгінгі таңда жеті мыңнан астам операция жасады. Астанада доктор Самади жаңа мәртебеде ұшып келді: Президенттік клиника дәрігерлеріне кеңес беріп, олардың жұмыс орындарында әріптестеріне жаңа технологияны меңгеруге көмектеседі.

«Ең бастысы, медицинада роботтардың пайда болуымен, орындалған операциялардың дәлдігі жақсарды, әсіресе онкологиялық ауруларды емдеуде. Қазір біз байқаймыз, дәлірек айтқанда: пациенттерге химиотерапияның және басқа зерттеулердің қосымша кезеңдерінен өтудің қажеті жоқ. Көптеген маңызды жұмыстар күтіп тұр, сондықтан мен аурухананың дәрігерлеріне роботпен жұмыс істеу дағдыларын жақсартуға көмектесу үшін келдім. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, өйткені бұл клиникада табыстың барлық элементтері бар және мен осында жұмыс істейтінімді мақтан етемін» - дейді профессор Давид Самади.

Президенттік клиникада робот-хирургті қолданатын алғашқы операцияларды биылғы жылы бастауды жоспарлап отыр.

1

  • Просмотров: 18

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты