Кенеден сақтаныңыз

04.06.18

1

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы  ЕСКЕРТЕДІ!!!

Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен өтетін жіті вирусты ауру.  Кенелер денесі кірпішті-қызыл арқасында қара-қоңыр қалқаншасы және ұзарған тұмсығы бар, жалпы денесінің ұзындығы 2,5-4 мм, еркегі ұрғашыдан кіші 2,5 ммден аспайды. Жабысқан  кенелер қан сору мөлшеріне қарай ұлғайып қызғылт, кейіннен сұр түсті, денеде ұсақ өлшемді бұршақ тәрізді көрінеді. Кенелерге тән тіршілік ету ортасы аралас, қылқан жапырақты және қалың жапырақты ормандар, жақсы дамыған шөп жамылғысы мен түскен жапырақтардың шірінді қабаты болып табылады.  Белсенді ересек кенелердің саны мамыр айының соңында — маусымның басында максимумге жетіп, содан кейін бірте-бірте төмендейді.

Аурудың клиникалық көріністері әдетте кене шаққанда 7 — 15 күннен бастап, кейде 30 күнге дейін байқалады. Аурудың басталуы әдетте жедел басталып қалтырау, қатты бас ауруы, 3940С дене қызуының көтерілуіне дейн, барлық дененің ауыруы, жүрек айну, құсу, ұйқының бұзылуымен сипатталады. Одан әрі мойын бұлшықетінің, иық белдеуі мен қолдың парездері байқалып, ауыр жағдайларда мидың тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарына зақым келіп науқастың өліміне әкеліп соғады.  Ең басты кене энцефалитін жұқтырып алудан сақтану - кененің жабысып қалуын болдырмау. Орта белдеу жағдайында орман жорықтары кезінде  репелленттер қолданып, орманда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұстанған жеткілікті.

Кене шағуыун болдырмау үшін  орманда не істеу қажет?

  • ашық түсті киім (оның үстінде кенені байқау үшін), ұзын жеңді және шалбар кию. Бұл ретте жеңінің болғаны, оның манжеттері тығыз түймеленгені, киім жағасы мойында тығыз болғаны жақсы, кене киім астынан денеге өте алмайды, шалбардың балағын носкиге салып қою керек;
  • жабысып қалмай тұрғанда уақытылы кенені байқап алып тастау үшін әрбір 1,5 – 2 сағат сайын бір-біріңізді мұқият тексеріп қарап шығыңыз.

Кене жабысып қалған жағдайда не істеу керек?

  • егер сіз терідеин екпесін жасау жабысып қалған кене тауып алсаңыз (әсіресе, егер зардап шегуші – бала болса!), медициналық көмекке жүгініңіз, мысалы травмпункт.  Егер медициналық көмек қол жетімді болмаса (ең жақын медициналық мекеме өте алыс орналасса), бірақ теріге жабысқан кенені тұмсығын жұлып алмай, өзіңіз алып көріңіз.  Кенені теріге барынша жақын жерінен пинцетпен немесе саусақпен ұстап, ақырын тербетіп, абайлап тартады;
  • кенені шаншып алудың, спирт тамызудың, керосинмен тұншықтырып жағудың, отпен күйдірудің қажеті жоқ, мұндайда ол теріге жұқпалы сұйықтықты шығарады;
  • кене алынғаннан кейін теріде жараның орны қалады, ол инфекция үшін «қақпа» тәрізді болады. Оны бірден бриллиант көгілдірімен немесе йодпен дезинфекциялау қажет;
  • егер баланы кене шақса міндетті түрде, өз бетімен кенені шыгарып алу алмау мүмкіндігіне қарамастан медициналық мекеменің көмегіне жүгіну қажет;
  • алынған кенені энцефалит вирусы мен боррелиоз қоздырғышына зерттеу үшін  тығыз жабылатын құтыда сақтаған жөн. Егер қоздырғыштары байқалса, жедел иммуноглобул қажет.
  • Просмотров: 142

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты