Егемен Казахстан», Айкын, baq.kz , inform.kz - Астанада жаңа үлгідегі балабақша ашылды

26.01.18

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жаңа үлгідегі балабақшасы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республиксының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Іс Басқармасының басшылығы қатысты.

1

Мектепке дейінгі мекеме 350 орынға көзделген. Балалардың мекетепке дейінгі білім алуы үшін барлық жағдай жасалған – музыкалық және екі спорттық зал, хореография залы, балалардың интеллектуалды дамуына арналған оқу бөлмелері және ертеңгіліктер мен спектакльдерді өткізуге арналған мәжіліс залы.

Жаңа балабақшаның медициналық аймағы мектепке дейінгі ұйымдарға талап етілетін санитарлық нормалардың барлық талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Мұнда физиокабинет және массаж бөлмесі, ата-аналарды қабылдау аймағы орналасқан. Балалар сауықтыру және медициналық қызметтерді алып тұрады – фитотерапияны, сауықтыру және жалпы әлдендіретін массаж, «денсаулық жолында» табан акупрессурасын, емдік дене шынықтыруды.

2

Балабақшада жоғары білікті ұстаздар жұмыс істейді. Оқу-тәрбие барысы қазақ және орыс тілінде ағылшын тілінде ауызша сөйлеу тілін қосымша үйретумен бірге жүргізіледі.

Балабақша жаңа үлгісінің интерактивтік ортасы тәрбиеленушілерді оқыту барысын ұйымдастырудағы әдістердің әртүрлігін, олардың барынша көп пайдалы дағдылар мен икемдерді үйренуін қамтамасыз етеді.

3

Білім алу барысына әлемнің ең үздік оқыту технологиялары біріктірілген – МИЦ интерактивтік технологиясы (Израиль), мақсатты тілге тереңдеу әдістемесі (Канада, Эстония), В.В.Воскобовичтің дамытушы ойындары (Ресей), М.Монтессори педагогика жүйесінің элементтері. Снымен бірге асық терапия мен қамыр пластикасын, графикалық модельдеу әдісін, роботты техниканың бастапқы негіздерін қолдану жоспарлануда.

4

Интерактивтік технологиялар бөлмесі балалар үшін ерекше қызық әрі өзекті. Бұл бөлмеде «ақылды» интерактивтік еден орнатылған. Қазіргі заманғы сандық және проекциялық технологиялардың үйлесуі интерьер мен еденді түбегейлі жандандыртуға мүмкіндік береді. Аталған технология кіріктірме ойын тапсырмаларын бейімдеуге және өзінің тапсырмаларын жасауға мүмкіндік береді. Едендегі тамаша жаттықтыратын бейне ойындар ойын тапсырмаларына бірнеше баларлардың қатысуына мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауаптарға басу арқылы немесе ойынның нақты түріне байланысты ойын аймағында кез келген басқа қимылдарды басқару арқылы жауап беруге болады. Интерактивтік тақталарды және интерактивтік құмсалғыштарды; құммен және сумен ойнауға арналған ванналарды қолдану жоспарланып отыр.

5

Балабақша аумағында үлгілік мектепке дейінгі мекемелерге қарағанда баларлардың серуендеуіне арналған топтық алаңшалардан басқа демалыс орны және серуендеу ауласы, сондай-ақ спортпен шұғылдануға, Жол жүру ережелерін зерттеуге арналған арнайы алаңшалар мен велосипед жолы бар.

Сырттан келген келушілер мен тәрбиеленушілер ата-аналарының интерактивтік панель арқылы ақпаратты жедел алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар ғимарат холлында баларлар мен олардың ата-аналары үшін қабырғасында интерактивтік сарқырамасы бар демалыс және релаксация орны жасалған.

  • Просмотров: 584

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты