«Бурабай» курорттық аймағында «Шипажай-2017» ІІ халықаралық форумы өтті

21.04.17

2

ҚР Президенті Істері Басқармасының Медициналық орталығы ҚР Ұлттық Курорттық Қауымдастығымен бірлесе отырып, 20-21 сәуірде «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру орталығында (ЕСО) шипажай-курорттық көмекті дамыту мәселелері бойынша «Шипажай-2017» ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық Форумын өткізді. Аталмыш Форум «Оқжетпес» шипажайының құрылуының 50 жылдығына арналды.

10

Форум аясында курорт ісінің менеджменті, Қазақстан шипажайларын аккредитациялау, шипажай-курорттық ұйымдарды дамыту, курортология дәстүрін сақтау және көбейту, курорт ісі мамандарының кәсіби білімін арттыру сияқты бағыттарды қамтитын конференциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Форумда Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен және шетелдерден келген ірі ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық оңалу орталықтарының, шипажай-курорттық мекемелерінің өкілдері сөз сөйлеп, баяндама жасады, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Форум жұмысына медициналық оңалу, кардиология,  урология, онкология, гинекология, курортология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру және массаж саласындағы Германиядан, Чехиядан, Италиядан, Ресейден келген жетекші мамандар қатысты.

Форум аясында сондай-ақ шипажай-курорттық ұйымдардың және фармацевтикалық өнім өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Форум жұмысына арналып «Қазақстан Республикасындағы курортология мәселелері» атты ғылыми-практикалық және ақпараттық журналдың алғашқы нөмірі шығарылды.
         
«Шипажай-2017» Форумы – курорттық және қалпына келтіру медицинасы саласындағы қазіргі жетістіктерді, сондай-ақ сауықтырудың жаңа технологияларының алдағы әзірлемелерін ұсына отырып, іскерлі байланыстарды дамыту және шипажай-курорттық емдеудің, медициналық оңалтудың, спорттық медицинаның, курорттық бизнес индустриясының қазіргі технологияларын дамытуда тәжірибе алмасу үшін бірегей пікірталас алаңшасы екенін естеріңізге саламыз.

14

13

7

17

3

19

6

18

15

11

22

8

5

12

4

9

20

21

1

  • Просмотров: 174

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты