Наурыз – татулық бастауы!

24.03.17

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы (бұдан әрі – Медициналық орталық) 2017 жылғы 17 наурызда Медициналық орталықтың Ауруханасы базасында «Наурыз – татулық бастауы» тақырыбында мерекелік шара өткізді. Наурыз мейрамы әлемге жылулық әкеледі, күн мен түн теңеледі. Бұл мереке, ең алдымен, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, Қазақстан халқының бірлігі мен достығына қызмет етеді.

5

    Аталған шара Медициналық орталықта және оның ведомстволық қарасты ұйымдарында еңбек ететін, татулығы жарасқан түрлі ұлттың салт-дәстүрімен және ән-биімен танысып, Наурыз мейрамын бірге мерекелеуге бағытталған. Сондықтан, әр ведомстволық қарасты ұйым концерттік шағын қойылымдардан бөлек наурыз дастарханы бойынша кішігірім байқау сынына түсті. Мерекелік шараның қорытындысында ведомстволық қарасты ұйымдар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталып,  алғыстар жарияланды.

7

    Мерекелік шара аясында «Ең дәмді дастархан» номинациясымен Медициналық орталықтың Ауруханасы, «Ең әдемі ұлттық киім» – Медициналық орталықтың Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, «Ең үздік би» – Медициналық орталықтың «Қарлығаш» балабақшасы, «Ең үздік қойылым» – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Ең үздік ән» – «Оқжетпес» ЕСК марапатталды.

2

8

    Бұған қоса, аталған ұйымдардың ұжымына және шараның жүргізушілеріне Наурыз мейрамын мерекелеуді ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқандары үшін алғыс жарияланды.

3

4

    Сонымен қатар, Медициналық орталық пен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының ұжымы 2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы өткізген «Наурыз думан - 2017»  мерекелік шарасының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді қатысып, «Табақ тарту» байқауында ІІІ орын дәрежесіндегі дипломмен марапатталды. 

    Көктемнің, еңбек пен жаңарудың мерекесі – Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Мәңгілік еліміздің жұлдызы биік болсын!

6

 
 

 

  • Просмотров: 607

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты