Баланы мектепке дайындаймыз!

21.08.17

1

    Жаңа оқу жылы қарсанында Тұңғыш Президент Музейінде «Медициналық орталық» бастауыш партия ұйымының мүшелері төрт көпбалалы отбасының балаларына оқушы рюкзактары мен кеңсе заттарын салтанатты тарту етті. Осы іс-шара «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» - «Счастливая семья - Счастливое детство» атты жобасын және «Баланы мектепке дайындаймыз»  қайырымдылық акциясын іске асыру аясында өткізілді.  

    «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Ч.Ш. Қожахметов және Тұңғыш Президент Музейі директорының орынбасары А.М. Рахымжанов балалар мен олардың ата-аналарын құттықтады. Балалар және олардың ата-аналары  «Нұр Отан» партиясына алғысын айтты. Іс-шара Музейге экскурсиямен аяқталды.

  • Просмотров: 180

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты