«Балаларды қорғау күні» құтты болсын!

01.06.17

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалымен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің №2 «Оңалту орталығы» ММ-ның және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтады.

5

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, сонымен бірге «Бақытты балалық» - «Счастливое детство» жобасын іске асыру шеңберінде «Медициналық орталық» пен «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» бастауыш партиялық ұйымдарының партия мүшелері Оңалту орталығының және көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтады.

4

3

Балаларға жүрекжарды тілектермен бірге дамытатын ойыншықтар сыйланды және тәттілер үлестірілді.  

1

Оңалту орталығының балалары шағын сахналық қойылым көрсетті, ән салып би биледі, өлең оқыды.

2

Оңалту орталығының басшысы мен кішкентай пациенттердің ата-аналары Медициналық орталықтың басшылығына және «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалына көрсеткен қамқорлықтары және балаларға деген көңілдері үшін алғыстарын білдірді.
 
Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар, яғни жалғыз өздері алты бала тәрбиелеп отырған Айнұр Алтыбаеваның және Гүлбахыт Нұржанованың балаларына да кітаптар мен дамыту құралдары, ойыншықтар және азық-түлік сыйға тартылды. Қуаныш пен шаттыққа бөленген ата-аналар мен балалар алғыстарын білдірді. 

7

6

8

  • Просмотров: 102

Ведомстволық қарасты ұйымдар

Пайдалы сілтемелер

  • ehealth.kz
www.mcudprk.kz | Copyright © 1929 - 2016. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ресми сайты